Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;

3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №198 «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3275 болып тіркелген, 2015 жылы 21 тамызды «Атырау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Ж.Шапкеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Облыс әкімі Н.Ноғаев


Мақаланың шыққан күні: 31.05.2019 10:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.05.2019 10:23

Қаралым саны: 732