Array «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.03.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республиксының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

  2. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы Атырау облысының Әділет департаментінде қайта тіркелуді қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  3. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №265 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының мәселелері» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы туралы ереже (docx 41.8 КБ)

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының ережесін бекіту туралы қаулы жобасына түсіндірме жазба (doc 22 КБ)


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:19