Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.12.2017

Қызметтер

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»

МАҚАЛА

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысын
жүзеге асыру аясында көтермелеу ережелерін
Атырау облысында насихаттау жайында

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекет пен қоғамның, әрбір азаматтың тығыз бірлесуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің нәтижелі болуына мүмкіндік береді.

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданып , іске асырылуда.

18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңның мәні келесідей, әрбір субъект құқықтық мәртебесіне қарамастан – мемлекеттік орган немесе жеке тұлға, өзінің өкілеттігі мен азаматтық міндеттері шегінде өз ортасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал етуші себептер мен мән-жайларды анықтап және болдыртпауға міндетті.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысын жүзеге асыру аясында, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды әшкерлеуге және ашуға жәрдемдесуші азаматтар көтермеленуде.

Қазіргі таңға, көтермелеудің мөлшері 70 мыңнан 227 мың теңгеге аралығында көзделіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған тұлғаға бір жолғы сыйақы төленеді: сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша 30 АЕК; онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 40 АЕК; ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 50 АЕК; ауыр сыбайлас жемқорлық

қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 70 АЕК; аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 100 АЕК.

Сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін іздеудегі тұлғаның тұрған жері туралы мәлімет ұсыну, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды анықтауға, әшкерлеуге, ашуға және тергеуге қандай да бір ықпалын тигізу арқылы жәрдемдесуге болады.

Бүгінгі күнге Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жалпы соммасы 2,2 млн. астам теңгеге 15 тұлға көтермеленді.

Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы Call-center» оратылығы қызмет жасауда.. Оның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша азаматтарға тегін кеңес беру мен сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламаларды тіркеу. Орталықтың 1424 нөміріне қоңырау соғу арқылы, кез-келген азамат сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлай алады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау - әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің с
ыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Атырау облысы бойынша департаменті

  
 
 
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы»
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Атырау облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша

С Е Н І М   Т Е Л Е Ф О Н Ы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын 71-75-11 сенім телефоны бар екенін Сізге хабарлайды.

Қоңырау шалып, Сіз, өзіңізге белгілі болған сыбайлас жемқорлық көрініс деректері туралы ақпаратты хабарлай аласыз: кез келген деңгейдегі шенеуніктердің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы, парақорлығы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, инвестициялық және бюджеттік қаржыларды жымқыруы және басқада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы.

Бюро тараптан дер кезінде жедел әрекет ету іс-шаралары жасалып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деректері туралы Департамент басшысының жеке қабылдауына 71-75-07 телефоны бойынша жазылу арқылы хабарлай аласыз.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өз аймағымыздағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша азаматтарды серіктестікке шақырады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)
Атырау облысы бойынша департаменті


Мақаланың шыққан күні:: 21.08.2017 07:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.08.2017 07:20