Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Қолайсыз ауа-райы метео жағдайларында орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, қолайсыз ауа-райы жағдайларында (соның ішінде, қатты аяз, көктайғақ, қатты жел) орта білім беретін ұйымдары оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қолайсыздықтан сақтау мақсатында Білім беру басқармасымен аумақтық мүдделі мемлекеттік органдардың - облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің келісімімен қолайсыз ауа-райы (соның ішінде, қатты аяз, көктайғақ, қатты жел) метеожағдайларында орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату көрсеткіштері белгіленген.

Сыныбы

Ауа температурасы

Желдің жылдамдығы

1

1-4 сыныптар

-25 градус

2 м/с

2

5-9 сыныптар

-27 градус

2 м/с

3

1-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері

-30 градус

2 м/с

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 бұйрығымен бекітілген қағидалардың  3-тармағының 1,2-тармақшаларына сәйкес қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының басшыларына іс-шараларды уақытында жүзеге асыру тапсырылды. Соның ішінде, қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдарының халыққа хабарлау жолдары:

1) телевидениедегі жүгірпе жол түрінде; 

2) радиодан тарату;

3) әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;

4) 169 телефоны (ақылы анықтама) бойынша хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін,

сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2019 17:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.01.2019 17:56

Қаралым саны: 1509