Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.09.2020

Қызметтер

Облыстың жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және даму картасы туралы

Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Атырау облысында 2020 жылғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру «Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!» демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес қашықтықтан жүзеге асырылды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының 2020 жылғы 27 мамырдағы №139 бұйрығы негізінде пандемия жағдайына байланысты балалар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Instagram әлеуметтік желісінде «Atyrau_zhaz_2020» қашықтықтан жүргізілетін лагерь парақшасы құрылып, жұмыс кестесі жасақталып, бекітілді. Желіні қолданушылар үшін ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестесіне сәйкес «Atyrau_zhaz_2020» парақша беті 1 маусым күні ашылып, келесі күннен бастап жұмысын бастады.

Парақшада дүйсенбі күндері салауатты өмір салтын насихатату, темекі шегудің, алкоголь ішімдікті қолдану, нашақорлықтың алдын алу үшін дене шынықтыру жаттығуларына дайындау жұмыстары бойынша бейнебаяндар ұсынылып, оқушылардың білімі кеңейтілді.

Сейсенбі күндері бастауыш сынып оқушылары үшін туған өлкені практикалық тану, тарих, мәдениет ескерткіштерімен, қоршаған табиғатпен танысу бағытында түрлі бейнебаяндар дайындалып, олардың мәдени-тарихи білімдерін кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Сәрсенбіде орта буын - 5-7 сынып оқушылары үшін әр баланы жеке тұлғалық дамытуға, қабілеттерін ашуға бағытталған шығармашылық-танымдық бейнематериалдар жарияланып, олардың азаматтық тәрбиесіне көңіл бөлінді.

Бейсенбіде 8-9 сынып оқушыларының болашақтағы мамандықтарына бейімділіктерін нығайту мақсатында кәсіби бағдар айдары жұмыс жасады.

Аптаның жұма күні түрлі шығармашылық бағытта жұмыс жасайтын оқушылар орталықтарының жазғы уақыттағы жұмыстары, балалардың жеке шығармашылық таныстырылымдары жарияланып, оқушыларды жан-жақты дамытуға зейін қойылды.

Парақшада байқаулар, сауалнамалар ұйымдастырылып, байқау нәтижелері талқыланып, жарияланып, жеңімпаздарды марапаттау өткізілді. Қазіргі карантинге байланысты марапаттаулар Қазпочта арқылы әрбір қатысушы-жеңімпазға жеткізілуде.

Қашықтықтан лагерьдің нәтижелілігін зерделеу мақсатында Gogleform бағдарламасы арқылы сауалнама өткізілуде.

Тәлімгерлік шеберліктің қашықтық тренерлік курстарына қатысушылар облыстық «Atyrau_zhaz_2020» қашықтықтан жүргізілетін лагерінде, өздерінің білім беру ұйымдарында әлеуметтік парақшаларында курста алған білімдерін іске асырды.

Іс шараларды ұйымдастырушылар - Облыстық әдістемелік орталығы, Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы, «Қазақстан геологі» КҚМК емдеу пансионаты, қосымша білім беру ұйымдары.

Сонымен қатар «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жергілікті филиалы, мектептер ұстаздары оқушылыларға кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстарын жүргізуде үлкен көмек көрсетті.

Тұжырымдамағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілеріне студент жастардың тәлімгерлігін ұйымдастыру тапсырмасын орындау мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен бірлескен жұмыстар жүргізілді.

Университет студенттері облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жазғы демалыс кезінде онлайн шараларын өткізді.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді қамту шараларын ұйымдастырудың үздік тәжирибелері де зерделенуде. Тәжірибе алмасулар, әдістемелік жұмыстар жоспарлы жүргізілуде.

Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области Об организации оздоровительного отдыха, свободного времени и занятости детей в летний период и карте развития области

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2020 09:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 09:37

Қаралым саны: 107