Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Атырау облысының аумағында таратылатын шетелдік баспасөз басылымдарды есепке алу туралы

Атырау облысының аумағында таратылатын
шетелдік баспасөз басылымдарды есепке алу туралы

Тұрғындарға сапалы да уақтылы мемлекеттік қызметтерді көрсете білу мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Атырау облысы ішкі саясат басқармасымен облысымыздың аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарды есепке алу мемлекеттік қызметі көрсетіліп келеді. Бұл қызмет түрі негізінен меншік иесімен, басылымдармен келісім шарт бойынша немесе басқа да заңды негіздегі Атырау облысы аумағында шетелдік басылымдарды таратын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Аталмыш басылымдарды есепке алғандағы мақсат Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, сондай-ақ елімізде таратылатын шетелдік БАҚ-на мониторинг жүргізу, мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру және іске асыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алуды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Ал аталмыш заңның 4-3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган, яғни ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті жүргізеді.
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жүргізіледі және ішінара автоматтандырылған. Демек қызметті алу үшін тұтынушы халыққа қызмет көрсету орталығының көмегіне жүгінеді немесе электронды санды қолтаңбасы болған жағдайда www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб порталы арқылы өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Атырау облысы аумағында таратылатын мерзімді шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алу туралы Ішкі саясат басқармасы басшысының атына өтінішін жолдайды. Өтініште шетелдік БАҚ таратушы туралы, яғни жеке кәсіпкердің (немесе ұйымдастыру-құқытық формасы көрсетілген заңды тұлғаның) атауы, ЖСН, (БИН), тіркелген жері, тұрғылықты мекен жайы, байланыс телефондары, электронды поштасы және таратылу аумағы көрсетілген шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, шетелдік БАҚ-ң тілі (тілдері), негізгі тақырыптық бағыты, мерзімділігі мен таратылатын экземплярларының болжамды көлемі туралы мәлімет қамтылуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Ішкі саясат басқармасы беретін облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы Анықтама болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес қызмет 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Тұтынушы өтінішін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берген жағдайда Анықтама орталықтан ұсынылады ал «электронды үкімет» арқылы берілген өтінімге жауап веб портал арқылы беріледі.
Облыс аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепе алу туралы анықтама тұтынушы алған күннен бастап 1 жылға беріледі. Анықтама мерзімі біткеннен кейін шетелдік мерзімді БАҚ таратушы жаңа Анықтама алу үшін Ішкі саясат басқармасына қайтадан өтінім жолдайды.
Шетелдік мерзімді БАҚ таратушы Анықтаманы бүлдірген немесе жоғалтып алған жағдайда оның жазбаша арызы тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ішкі саясат басқармасымен «Көшірме» белгісімен Анықтаманың көшірмесі жаңа тіркеу нөмірі салынып берілетін болады.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі кезінде таратушыға немесе таратылып жатқан басылымдарға қатысты мәліметтер өзгерген жағдайда, таратушы жаңа анықтама беру туралы Ішкі саясат басқармасына жазбаша түрде өтінім жолдайды.
Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы Анықтамасыз шетелдік БАҚ тарату Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын бұзған болып есептеледі. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 25 бабына сәйкес тиісті құжатсыз БАҚ таратушылар жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыларға сот шешімімен әкімшілік жазалау шарасы қолданылатын болады.
Қолданыстағы заңнамаларды бұзуды болдырмау мақсатында Атырау облысы аумағында меншік иесімен, басылымдармен келісім шарт бойынша немесе басқа да заңды негіздегі шетелдік басылымдарды таратын жеке және заңды тұлғалар Анықтама алуы үшін жұмыстанулары қажет. Осы тұрғыда олар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электронды сандық қолтаңба ала отырып «электрондық үкімет» веб портал арқылы Ішкі саясат басқармасына өтініш жолдаса жеткелікті екенін ескерте кеткім келеді.

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ә.Қыстаубаева


Мақаланың шыққан күні:: 11.01.2016 09:45
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.01.2016 09:45