Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі бекітілген №156 «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен жұмыс жасалып келеді.

Аталған регламентке сәйкес, өзге елдерден қоныс аударып келген этникалық қазақтарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы арқылы және Атырау облысының жергілікті атқарушы органы - облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы да мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушыларға оралман мәртебесін анықтайтын оралман куәліктері беріледі. Қоныс аударып келген этникалық қазақтар мемлекеттік қызметті алу үшін Атырау қаласындағы, Балықшы ауданындағы №1 «Халыққа қызмет көрсету орталығына», Сәтпаев көшесіндегі №2 «Халыққа қызмет көрсету орталығына», Вокзал маңы, Баймуханова көшесіндегі №3 «Халыққа қызмет көрсету орталығына» және Атырау қаласы, Азаттық көшесі 31 «А» мекен-жайында орналасқан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөліміне төмендегідей құжаттар тапсырады:

1) Жеке басын куәландыратын төл құжат паспорт, туу туралы куәлік көшірмелері (нотариальдық бекітілген, қазақ тілі мен орыс тіліндегі аудармасы)

2 ) Өмірбаян (еркін нысанда)

3) Кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктер көшірмесі нотариальдық бекітілген, қазақ тілі мен орыс тіліндегі аудармасы)

4) Фото 3х4 (2 дана)

Қажетті құжаттар толығымен қабылданғаннан кейін қызмет алушыға 5 (бес) жұмыс күні ішінде оралман куәлігі мен шешім беріледі.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін «Оралман мәртебесін беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет 67 отбасындағы 108 этникалық қазақтарға көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінде 77 дана «Оралман» куәлігі берілді.


Мақаланың шыққан күні:: 18.08.2017 05:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.08.2017 05:08