Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

«Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқауы

Об областном хореографическом фестивале-сморет «Ақ шағала» Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының базасында «Ақ шағала» облыстық хореографиялық фестиваль-байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдық және мәдени құндылықтармен таныстыру.

Шараға қалалық, аудандық кезеңдерде жеңімпаз болып танылған ұжымдар - барлығы 8 ұжым, жүзге жуық биші қатысты.

Байқау халық биі және халық стиліндегі би (әлем халықтарының билері, қазақ биі), қазіргі заман биі (эстрадалық би, аралас би) номинациялары бойынша өткізілді.

Ұжымдар әр номинация бойынша 5 минутқа дейінгі бір байқау нөмірлерін ұсынды.

Жеңімпаз болып Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің би ұжымы танылып, республикалық жарысқа қатысуға жолдама берілді.

Об областном хореографическом фестивале-сморет «Ақ шағала»

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2018 08:20

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.03.2018 08:20

Қаралым саны: 1981