Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесі - ғасырлық тарих шежіресінде» облыстық форумы

«Мектепке дейінгі білім беру жүйесі - ғасырлық тарих шежіресінде»  облыстық форумыОблыс әкімінің «Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мақаласында айқындалған міндеттерді түсіндіру және насихаттауға арналған Атырау облыстық желілік кестесіне және облыстық Білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес желтоқсан айында Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Қазақстанның мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға 100 жыл толуына орай «Мектепке дейінгі білім беру - ғасырлық тарих шежіресінде» тақырыбында облыстық Форумы өтті.

Форумның мақсаты - көпшілікті еліміздің мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ғасырлық тарихымен, даму жолымен, жеткен жетістіктерімен, сала ардагерлерімен, ұстаздармен таныстыру, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.

Форум жұмысына мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлер, тәрбиешілер, аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім беру бөлімдерінің басшылары, мамандары, ардагер ұстаздар қатысты.

Форум аясында саланың даму тарихын, «100 игі іс» аясында атқарылған шараларды, бүгінгі жетістіктер туралы баяндайтын көрме жұмыс жасады. Әрбір қатысушыға мектепке дейінгі білім беру саласының 100 жылдық мерейлік төсбелгісі, облыстық Білім беру басқармасы тарапынан шығарылған «Мектепке дейінгі білім беру - ғасырлық тарих шежіресінде» атты жинақ берілді.

Форум қонақтары облыстың мектепке дейінгі білім беру саласының даму тарихынан дайындалған бейнероликті тамашалады.

Облыстық Форум жұмысы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қалыптасу тарихынан көрініспен басталды. Форум қатысушылары мен қонақтарын бүлдіршіндер құттықтап, жүрекжарды тілектерін жолдады.

Форумды облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова ашып, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады, сала қызметкерлерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлы Айтиева мектепке дейінгі білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапаттады.

Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қилымғали Қайненов сөз алып, бірнеше қызметкерге облыстық кәсіподақтың Құрмет грамотасын табыс етті.

Облыстық білім беру басқармасы басшысы Қайырғали Кенжеғалиев бір топ қызметкерлерді облыстық Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Форумға шақырылған мектепке дейінгі білім беру саласындағы 100 ардагерге облыс әкімі атынан бағалы сыйлық және «Мектепке дейінгі білім беру - ғасырлық тарих шежіресінде» атты жинақ табыс етілді.

Форум соңында қатысушылар облыстың мектепке дейінгі ұйымдар бүлдіршіндерінің мерекелік концертін тамашалады.

Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи» Об областном форуме «Система дошкольного образования – в вековой исторической летописи»

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 04:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2018 04:11

Қаралым саны: 1705