Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум туралы

«Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум туралы

12 маусым - Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының базасында «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум өтті.

Форум «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын өңірде іске асыруды және облыстың білім беру ұйымдарының мәдени-гуманитарлық дамуын жан-жақты қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

Форум жұмысына ғалымдар, магистрлер, педагогтар, мұражай және кітапхана қызметкерлері, қала, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім саласының ардагерлері қатысты.

Баяндамашылар мен жарыссөзге қатысушылар еліміздің тарихи тәжірибелері мен ұлттық құндылықтарын құрметтеу, озық дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін білім беру ұйымдарында сол мекеменің тарихын, еңбек ардагерлерінің есімдерін білім алушыларға таныту, оқу орындарының мұражай жұмыстарын жаңғырту, өлкетану курстарын мектептерге біртіндеп енгізу, туған ел мен жерді қастерлеу бағытында үйірмелер жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Форум аясында тәрбие және білім беруде ұлттық құндылықтарды насихаттау жұмыстарында белсенділік танытып жүрген бірқатар облыс педагогтарына облыстық Білім беру басқармасының және Әдістемелік кабинеттің Алғыс хаттары тапсырылды.

 

«Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум туралы «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум туралы «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғыртудың басты шарты» атты облыстық форум туралы

Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 02:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 11:18