Array 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2017–2019 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, VІ шақырылған облыстық мәслихат VІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017–2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиiсiнше 1, 2 және  3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:

1) кірістер – 169 844 230 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 60 389 847 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 393 044 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 109 061 339 мың теңге;

  1. шығындар – 169 482 555 мың теңге;

3) таза бюджеттік несиелендіру – 321 489 мың теңге, оның ішінде:      бюджеттік несиелер – 1 234 690 мың теңге;

бюджеттік несиелерді өтеу – 913 201 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 40 186 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -40 186 мың теңге:

қарыздар түсімі – 1 024 690 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 064 876 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. Атырау қаласы мен аудандар бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2017 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:

Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандарына және меншікті облыстық бюджетке – 100%;

Жылыой ауданына және Атырау қаласына – 50%;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:
Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және меншікті облыстық бюджетке – 100%;

Атырау қаласына – 50%;

әлеуметтік салық бойынша:

Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Жылыой аудандарына және Атырау қаласына – 50%;

меншікті облыстық бюджетке – 100%.

3. Аудан және қала бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алымдардың 2017 жылға арналған көлемдері 85 643 986 мың теңге сомасында, оның ішінде:

Жылыой ауданынан – 15 517 297 мың теңге;

Атырау қаласынан – 70 126 689 мың теңге көзделсiн.

4. Облыстық бюджеттен аудандар бюджеттеріне берілетін субвенциялар мөлшерлері 2017 жылға 16 456 087 мың теңге сомасында, оның ішінде:

Құрманғазы ауданы – 4 965 204 мың теңге;

Индер ауданы – 3 378 458 мың теңге;

Исатай ауданы – 1 485 505 мың теңге;

Қызылқоға ауданы – 3 697 730 мың теңге;

Мақат ауданы – 1 629 830 мың теңге;

Махамбет ауданы – 1 299 360 мың теңге көзделсiн.

5. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

6. 2017 жылға азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

7. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен төмендегідей көлемдерде:

дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге – 4 369 мың теңге;

халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу уақытында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге – 57 234 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 94 527 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 98 818 мың теңге;

тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 40 306 мың теңге;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 48 017 мың теңге;

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге – 61 839 мың теңге;

жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге – 4 745 096 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 79 138 мың теңге;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге – 156 519 мың теңге;

амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға – 3 755 227 мың теңге;

жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 250 000 мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға – 236 723 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 16 028 мың теңге;

еңбек нарығын дамытуға – 292 491 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттері көзделгені ескерілсін.

8. 2017 жылға жергілікті атқарушы органдарының резерві 684 632 мың теңге сомасында бекітілсін.

9. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте төмендегідей көлемдерде:

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға - 9 582 304 мың теңге;

тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға - 1 095 746 мың теңге;

моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 590 000 мың теңге;

көлік инфрақұрылымын дамытуға – 2 000 000 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.

10. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға - 173 579 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.

11. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 43 060 мың теңге сомасында кредиттер көзделгенi ескерілсін.

12. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне келесідей көлемдерде:

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, еңбек нарығын дамытуға бағытталған, іс-шараларды іске асыруға – 144 831 мың теңге;

автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауға – 306 000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттері көзделсін.

13. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте Атырау қаласы және аудандар бюджеттеріне:

автомобиль жолдарын жаңғыртуға және жобалау-сметалық құжаттаманы жасақтауға – 555 779 мың теңге нысаналы даму трансферттері көзделсін.

14. Облыстық бюджетте 2017 жылға жергілікті атқарушы органдар қарызын өтеу және борышына қызмет көрсету үшін 1 126 537 мың теңге көзделсін.

15. 2017 жылдың 31 желтоқсанға жергілікті атқарушы органдар лимитіндегі борышы 14 552 648 мың теңге сомасында белгіленсін.

16. 2017 жылға арналған жергілікті бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi  4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

17. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Тасимов) жүктелсін.

18. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы А. Абдолов
Мәслихат хатшысы C.Лұқпанов

 

Облыстық мәслихаттың VІІІ сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №64-VІ шешіміне қосымшалар (DOCX 121 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 05.01.2017 16:29
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.01.2017 16:29