Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Об итогах работы областной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав за 2019 годОблыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес мәселелердің барлығы қаралды. Жоспарға сәйкес бір көшпелі отырыс Исатай ауданында өткізілді.

Комиссияда балалардың құқықтарын қорғау, оқумен қамту, бос уақытын тиімді қамту, сапалы тамақтандыру, денсаулығын сақтау, құқықбұзушылықтың, суицидтің алдын-алу мәселелерімен қатар, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу, соның ішінде педофильдік іс-әрекеттерді болдырмау мәселелері де бақылауға алынып, қаралады.

Сонымен қатар, жоспардағы мәселелерге қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынған мәселелері қаралып, комиссияның өткізген рейдттік шаралардың қорытындылары, балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Үкіметтік емес ұйымдарының есебі тыңдалды.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бекітілген жоспар-кестеге сәйкес Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен сәуір, мамыр, қыркүйек айларында рейдтер өткізілді.

Комиссия хатшыларына комиссияның қызметін ұйымдастыру бойынша қараша айында әдістемелік көмек көрсетілді.

Жылдық жоспарға сәйкес «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі үздік қалалық, аудандық комиссия» облыстық сырттай конкурсы өткізілді.Конкурстың мақсаты: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялар арасынан үздік комиссияны анықтау, тәжірибесін тарату.         

Комиссия мүшелігіне прокуратура, облыс әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшылығы, Полиция департаменті, қоғамдық кеңестердің өкілдері енгізілді.

Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша бірауыздан Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысы үздік деп танылды.

Об итогах работы областной комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав за 2019 год

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 11:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 11:55

Қаралым саны: 87