Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

«Атадан қалған аруақты ер» атты Махамбет батырдың жырларынан үзінді оқу эстафетасы туралы

Облыс аумағында жалынды жыршы, күйші, композитор Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін жатқа оқудан «Атадан қалған аруақты ер» атты жарияланған эстафетаға аудандардың мектеп оқушылары белсенді қатысуда. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» Мақалаларындағы міндеттерді іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Эстафетаның мақсаты – әркез ел тағдырын биік қойған ерлік жырларымен өскелең ұрпақты сусындатып қана қоймай, ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыру.

Жобаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ұлттық кодты қалыптастыруда ықпалы зор. Негізгі бағыт - батыр баба өлеңдерін жаттау. Яғни, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу. Нәтижесінде мәтінді меңгеру арқылы оқырман сол кездегі тарихты да терең түсіне бастайды. Есте қалатын мәтін оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, шешендік өнер дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Эстафета негізінен фейсбук әлеуметтік желісі арқылы жүргізілуде. Жоба ұйымдастырушыларының бірі Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі О.М.Биманова Қазақстан-Атырау телеарнасына сұхбат беріп, көпшілікті эстафета жөнінде толығырақ ақпараттандырып, жас ұрпақты белсенді қатысуға шақырды.

Ақын өмірі негізінде тұлғаның азаматтық-патриоттық қабілеттерін, белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуде, қазақ халқының мәдениетіне қызығушылықты дамытуда оқулардың маңыздылығы зор.


Мақаланың шыққан күні: 04.03.2019 10:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 10:15

Қаралым саны: 736