Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай

балалар бақшасы меңгеруші

міндетін уақытша атқарушы:

__________Н.У.Мадигалиева

«__ » _________ 2019 жыл

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының 31.12.2019 жылғы №256 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік - құқықтық актілер;

2) Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасында штат саны - 51,25

бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, шаруашылық меңгерушісі

- 1 адам, педагог мамандар - 19 адам, техникалық қызметкерлер саны - 21

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасына жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығына бос орындарға сұраныс беру арқылы жолдамамен қабылданып жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығына сәйкес бала бақшаға тәрбиеленушілерді қабылдап келеміз.

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының міндеттеріне:

Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары:

- адалдық;

- әділдік;

- өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу;

- жалпы адами құндылықтарды құрметтеу;

- кәсіби ынтымақтастық;

- үздіксіз кәсіби даму және т.б. .

Педагог қызметкерлер өз қызметінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуге, лауазымдық міндеттерін адал және сапалы атқаруға тиіс. Педагог құқық қорғау органдарына өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.

Педагог тәрбиеленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, оларға оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік қағидаларын түсіндіреді. Мектепке дейінгі ұйымдар жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Барлық шығындар бюджетте қарастырылған.

Ата-аналар есебінен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға, жөндеуге, туған күндерге, қосымша төлеммен аниматорларды тарту есебінен мерекелерге ақшалай қаражат жинауға тыйым салынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады, оны бала кезінен қалыптастыру қажет. Ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, айналасындағыларға және дәстүрлерге деген құрметті, білім мен еңбекке деген ұмтылысты, адалдық пен адалдықты дарыту керек. Балаларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және өзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін оқу бағдарламаларына, сондай-ақ тәрбиелік іс-шараларға енгізу арқылы жүзеге асырылады.

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай бала бақшасының өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 - V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Призидентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 - V «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 - ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 27.07.2007 жыл №319

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәукелдер анықталған жоқ.

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерден арыз шағым түскен жоқ. Балабақшаның сенім телефоны 2-15-32.

Сонымен қатар, бала бақшада «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында стенд тақта орналастырылған және жарнама брошюралар таратылып ілінген.

 

 

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай

балалар бақшасының тәрбиешісі ___________ З.Сапарова

_____ ________________ 2019 жыл

 

 

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай

балалар бақшасының хареографы

___________ Л.Капанова

_____ ________________ 2019 жыл

 

МКҚК «Жасұлан» бөбекжай

балалар бақшасының тәрбиешісі

___________ А.Нұрғалиева

_____ ________________ 2019 жыл


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2020 11:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2020 11:18

Қаралым саны: 66