Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Миялы ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, округ әкімінің 15.06.2018 жылғы №113 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Миялы ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 “Миялы, Сағыз, Мұқыр, Ойыл, Тасшағыл ауылдық округі әкімінің аппараттарының ережелерін бекіту туралы” қаулысымен алынған 2018 жылғы 22 ақпандағы №25-1915-06-ММ Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

«Миялы ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 24 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі - 1, округ әкімінің орынбасары - 1 адам, бас мамандар – 7 адам, техникалық қызметкерлер саны 15-адам.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 16.11.2017 жылы аудан әкімінің №339 өкімімен Б.Дюсалиев басқа мекемеге орналасуына байланысты округ әкімі аппаратының бас маман-есепші лауазымынан босатылса, 22.01.2018 жылғы округ әкімінің №14 өкімімен А.К.Киялбаева округ әкімі аппаратының бас маман-есепші лауазымына тағайындалды. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқ. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізіледі.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттеріне

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті

және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 5 айында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылған жоқ .

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 5 ай бойынша жалпы саны – 35 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 5 айы бойынша жеке тұлғалардан 70 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 43-і оң шешілсе, 27-і заң шеңберінде түсіндірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 2-12-43 сенім телефоны орнатылған.

Сонымен қатар, округке қарасты мекемелерге «Қоғамдық бақылау картасы» бағдарламасы негізінде 350 дана брошюралар таратылып, А.Құнанбаев, Т.Қарабалин және Ж.Жабаев көшелеріне баннерлер ілінді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлкеттік органдар, ұйымдар, квазимемлкеттік сектор субьектілері мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігін ескере отырып, «Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-і, МКҚК «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасы, МКҚК «Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы, МКҚК «Балдурен» бөбекжай балалар бақшасы, МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі www. adaldyk.kz сайтына тіркелді.

ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары А.Саттардың 2018 жылғы 20 сәуірдегі №2-20031-18-03579 санды ұсыныс хатына сәйкес, бас маман Б.Қазиев Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының талаптарын орындамағаны үшін округ әкімінің 28.04.2018 жылғы №79 өкімімен тәртіптік шара алынды. Аппарат басшысы А.Жанқуатовтың 2018 жылғы 28 наурыздағы хатына сәйкес, бас маман А.Есентурлиевадан

электронды құжат айналымына салғырт қарағаны үшін округ әкімінің 28.03.2018 жылғы №54 өкімімен тәртіптік шара алынды.

«Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталды.

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы__________ А.Ө.Сәрсенғалиева

«____» _______________ 2018 жыл

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы__________ А.І.Қабиева

«____» _______________ 2018 жыл

 

 

Округ әкімі аппаратының бас маманы__________ Б.Әзи

«____» _______________ 2018 жыл


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 07:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 07:00

Қаралым саны: 1057