Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

1. Анықтаманың жасалған күні, уақыты және орны: 19.06.2017 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы. Қаракөл ауылы

2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2018 жылдың 19.06.2018 жылғы округ әкімінің №79 өкімі.

4. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы Сарбасов Азилхан - округ әкімі аппаратының бас маманы; жұмыс тобының мүшелері Суатова Зайда Болатовна, Калиева Расима Жумабаевна.

5. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Салыков Сандибек Аманбаевич..

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

6. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 5 адам, 1-әлеуметтік қызметкер және спорт нұсқаушысы, техникалық қызметкерлер саны 6 - адам жұмыс жасайды.

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды. 02.05.2018 жылы округ әкімінің №54 өкімімен Т.Бисембайұлы бас маман – есепші лауазымына тағайындалды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Округ әкімі аппаратында жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

Округке қарасты «Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде штат саны – 24 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, әдіскер - 1,тәрбиешілер –4 адам, саз маманы – 0,5адам,

психолог – 0,5адам, есепші – 1адам, мейірбике – 0,5адам, техникалық қызметкерлер саны - 15,5 адам жұмыс жасайды.

«Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алған жоқ.

«Қаракөл орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің штат саны - 115адам. Мұғалімдер саны-61, техникалық қызмткерлер саны-54 адам жұмыс жасайды.

Жылдын 6 айы ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды. Атап айтатын болсақ 10.05.2018 жылғы №40 бұйрығымен аула сыпырушы болып Б.Қабдолғожина жұмысқа алынды. 08.06.2018 жылғы №59 бұйрық негізінде өз арызы бойынша Қ.Қапанов жұмыстан босатылып, С.Беріккалиев жұмысқа алынды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

«Қаракөл» мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны штат саны – 14 бірлікті құрайды. Атап айтқанда мекеме директоры - 1, әдіскер - 1адам, көркемдік жетекші – 1 адам, техникалық қызметкер саны – 9адам, есепші – 1 адам, елді мекендер клубының меңгерушілері - 1 адам жұмыс жасайды.

Жылдын 6 айы ішінде қызметкерлердің ауысуы орын алды. Атап айтатын болсақ 12.05.2018 жылы №23 бұйрық негізінде есепші С.Утемисова жүктілік және босану демалысына шығуына байланысты уақытша А.Құлыбекова есепші болып тағайындалды. 09.06.2018 жылғы №29 бұйрығымен Д.Тұрсынұлы өз еркімен жұмыстан босатылды.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы жоқтығы анықталды. Жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығы жолдамасы арқылы жүргізілген.

7. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

4) «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

8) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

9) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

10) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

12) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

14) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

8. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

9. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

10. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

11. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілер жауапкершілікке тартылмаған .

13. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 айы бойынша түрлі мемлекеттік қызметтер оның ішінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша қызметтер көрсетілді.

14. Көрнекі жарнамалар бойынша округке қарасты мекемелерге, жеке тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Қаракөл орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасынан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, оның қызметін ұйымдастыру және жетекшілік ету мектеп тәлімгеріне міндеттелді.

Барлық мекемелерге, ауыл тұрғындарына қоғамдық бақылау картасы түсіндіріліп, жаднамалар таратылды. «Жемқорлықсыз болашаққа!» 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел, бейнероликтер байқауы, сурет көрмесі, Қаракөл мәдениет үйінде «Жемқорлық қоғамға жат құбылыс» атты ауызша журнал, «Жемқорлық індет-жою міндет» атты тақырыпта жастар арасында дөңгелек үстел тағы басқа барлығы 14 шара өткізілді.

Сондай-ақ, мектеп кітапханасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты ауыспалы бұрышы жасақталды.

Ауыл орталығындағы көшелерде барлығы 5 баннер орнатылды («Пара берме, пара алма» тақырыбында Р.Рымбаева бейнелеген және «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз», параға емес биікке ұмтыл т.б тақырыпта).

Мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың ақпарат бұрыштарында және кіре беріс есіктеріне дайындалған жадынамалар, плакаттар, брашюралар («Пара беру-бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау», параға емес биікке ұмтыл т.б) таратылып ілінді.

«Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтердің тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жариялаудың медиа-жоспары жасақталып, ай сайын көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мақалалар 24.05.2018 жылғы №24 санды аудандық «Қызылқоға» газетіне «Жастардың санасын өзгерту керек» туралы мақаласы шығарылды.

15. «Жамбыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың 6 айы бойынша жеке тұлғалардан 6 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 4-і оң шешілсе, 2-і заң шеңберінде түсіндірілген. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 41-4-25 сенім телефоны орнатылған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының басшысы

_____________________А.К.Сарбасов

«____» _______________ 2018 жыл

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ З.Б.Суатова

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген

жұмыс тобының мүшесі

_____________________ Р.Ж.Калиева


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 06:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 06:47

Қаралым саны: 1270