Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«Бекітемін»

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі:

___________________ Ж.Нурпейсова

«___» _______________ 2019 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасының31.12.2019 жылғы №261-ө өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаужүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3)Мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол

берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасында штат саны-26,25 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші-1адам, шаруашылық меңгерушісі-1 адам, педагог мамандар- 10 адам, техникалық қызметкерлер саны-14 адам .

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасына жұмысқа қабылдау,

аудандық жұмыспен қамту орталығына бос орындарға сұраныс беру арқылы жолдамамен қабылданып жүргізіледі.

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасының міндеттері:

1) Бүлдіршіндерді бала бақшаға жолдама арқылықабылдау;

2) Ата-аналармен жиналыстар өткізу;

3) Педагог мамандармен жұмыстар ұйымдастыру;

4) Балабақша ұйымдарының жиындарын өткізу

МКҚК «Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасының өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 27.07.2007 жыл№319

МКҚК«Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерден арыз шағым түскен жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арнайы жәшік орналастырылған, арнайы журнал ашылған.

Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа арналған стенд тақта орналастырылған.

 

 

МКҚК «Балбөбек»бөбекжай балалар

бақшасының әдіскері __________ М.И.Мержанова

«____» _______________ 2019 жыл

 

МКҚК «Балбөбек»бөбекжай балалар

бақашасының психологі__________ К.Шокайбаева

«____» _______________ 2019 жыл

 

МКҚК «Балбөбек»бөбекжай балалар

бақашасының тәрбиешісі:__________ Г.Мендигалиева

«____» _______________ 2019 жыл


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 16:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 16:34

Қаралым саны: 91