Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала бақшасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы анықтама

«БЕКІТЕМІН»

МКҚК «Нұр-Шуақ» бөбекжай – бала

бақшасының меңгерушісі

________Б.М.Жумабаева

«__» _________ 2019 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, МКҚК «Нұр-Шуақ»бөбекжай– бала бақшасының 31.12.2019 жылғы №89 бұйрығына сәйкесті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2)Мекемеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

4 ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

МКҚК«Нұр-Шуақ»бөбекжай–бала бақшасында штат саны - 81,75 бірлікті құрайды. Атап айтқанда меңгеруші - 1, меңгерушінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары - 1 адам, педагог мамандар – 36 адам, техникалық қызметкерлер саны 56 - адам.

МКҚК«Нұр-Шуақ»бөбекжай–бала бақшасына жұмысқа қабылдау, аудандық жұмыспен қамту орталығына бос орындарға сұраныс беру арқылы жолдамамен қабылданып жүргізіледі.

МКҚК«Нұр-Шуақ»бөбекжай–бала бақшасының міндеттеріне:

1) Бүлдіршіндерді бала бақшаға жолдама арқылы қабылдау;

2) Ата-аналармен жиналыстар өткізу;

3) Педагог мамандармен жұмыстар ұйымдастыру;

4) Бала бақша ұжымының жиындарын өткізу

«МКҚК«Нұр-Шуақ»бөбекжай–бала бақшасының өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 17 тамыз 2017 жылғы №615 бұйрығы

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 27.07.2007 жыл №319

МКҚК«Нұр-Шуақ» бөбекжай–бала бақшасының қызметінде ағымдағы жыл ішінде педагогтар мен қызметкерлердің тұрақты жұмыстар табуына байланысты уақытша еңбек еткен мамандардың жұмыстан босатылуы орын алды.

МКҚК«Нұр-Шуақ»бөбекжай–бала бақшасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерден арыз шағым түскен жоқ.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған және 2-41-78 сенім телефоны орнатылған.

Сонымен қатар, бала бақшада сыбайлас жемқорлық қоғам дерті тақырыбында стенд тақта орналастырылған және жарнама брошюралар таратылып ілінген.

 

 

МКҚК«Нұр-шуақ»бөбекжай-бала бақшасының әдіскері __________ Н.Мұқанова

«____» _______________ 2019 жыл

 

МКҚК«Нұр-шуақ»бөбекжай-бала бақшасының психологы __________ А.Есенова

«____» _______________ 2019 жыл

 

МКҚК«Нұр-шуақ»бөбекжай-бала бақшасының тәрбиешісі ____________Э.Жақсиева

«____» _______________ 2019 жыл


Мақаланың шыққан күні: 04.02.2020 11:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2020 11:18

Қаралым саны: 192