Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 284 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 155 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 3924 болып тіркелді "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6-сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 284 "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314

болып тіркелген, 2015 жылы 22 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың үшінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

"1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";

4-тармақтағы "(бұдан әрі - Стандарт)" деген сөздерден кейін "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11369 болып тіркелген)" деген сөздермен толықтырылсын;

барлық мәтін бойынша және 1, 2 және 3-қосымшаларда "ХҚО", "ХҚО-ның", "ХҚО-дан", "ХҚО-ға", "ХҚКО" деген сөздер сәйкесінше "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", Мемлекеттік корпорациядан", "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен өзгертілсін;

4-бөлімнің атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

8-тармақтың 7) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

"7-процесс – дайын құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтиженің сақталуын

қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді."

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.А. Сүйіншәлиевке жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Н. Ноғаев


Мақаланың шыққан күні: 10.09.2018 06:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2018 06:47

Қаралым саны: 998