Array VІ шақырылған облыстық мәслихаттың VІІІ сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №64-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

VІ шақырылған облыстық мәслихаттың VІІІ сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №64-VІ «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 108 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігінің 2017-2019 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау туралы ұсынысын қарап, VI шақырылған облыстық мәслихат Х сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың VІ шақырылған облыстық мәслихаттың VІІІ сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №64-VІ «2017-2019 жылдарға

арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3743 рет санымен тіркелген, 2017 жылғы 11 қаңтарда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың:

1) тармақшасында:

«169 844 230» деген сандар «168 921 349» деген сандармен ауыстырылсын;

«60 389 847» деген сандар «57 989 904» деген сандармен ауыстырылсын;

«393 044» деген сандар «593 044» деген сандармен ауыстырылсын;

«109 061 339» деген сандар «110 338 401» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

«169 482 555» деген сандар «193 713 625» деген сандармен ауыстырылсын;

3) тармақшасында:

«321 489» деген сандар «1 896 372» деген сандармен ауыстырылсын;

«1 234 690» деген сандар «2 809 573» деген сандармен ауыстырылсын;

5) тармақшасында:

«40 186» деген сандар «-26 688 648» деген сандармен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

«-40 186» деген сандар «26 688 648» деген сандармен ауыстырылсын;

«1 024 690» деген сандар «1 611 690» деген сандармен ауыстырылсын;

«0» деген сан «26 141 834» деген сандармен ауыстырылсын;

7-тармақта:

«3 755 227» деген сандар «3 675 402» деген сандармен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға – 28 426 мың теңге;

ішкі істер органдарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға – 7 636 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 1 127 780 мың теңге;»

8-тармақта:

«684 632» деген сандар «1 065 659» деген сандармен ауыстырылсын;

9-тармақта:

«9 582 304» деген сандар «9 347 396» деген сандармен ауыстырылсын;

«1 095 746» деген сандар «1 390 922» деген сандармен ауыстырылсын;

12-тармақта:

«306 000» деген сандар «2 776 084» деген сандармен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

білім беру мекемелерін материалдық–техникалық қамтамасыз ету және күрделі жөндеу үшін – 421 217 мың теңге;

білім беру ұйымдарын ағымдағы ұстауға – 157 922 мың теңге;

мәдениет нысандарын материалдық–техникалық базасын нығайту және күрделі жөндеуге – 222 579 мың теңге;

әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуге – 42 695 мың теңге;

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге – 140 471 мың теңге;

азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге – 68 000 мың теңге;

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін күрделі жөндеуге – 41 305 мың теңге;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына арнайы техника мен құралдар сатып алуға – 586 216 мың теңге;

елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және саябақтарды күрделі жөндеу үшін - 59 086 мың теңге;

автокөлік жолдарын ағымдағы ұстау шығындарына – 13 500 мың теңге;

ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ведомстволық бағыныстағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 118 042 мың теңге;

13-тармақта:

«555 779» деген сандар «1 324 627» деген сандармен ауыстырылсын;

келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 765 087 мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және салуға – 114 976 мың теңге;

жобалау-сметалық құжаттама жасақтау және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 518 996 мың теңге;

білім беру объектілерін салуға және қайта құруға – 91 618 мың теңге;

абаттандыру нысандарын салуға – 120 000 мың теңге.

келесі мазмұндағы 19 және 20 тармақтармен толықтырылсын:

«19. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуына жергілікті атқарушы органдарға – 587 000 мың теңге сомасында бюджеттiк кредиттер көзделгенi ескерiлсiн.

20. 15 1 257 011 «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» бағдарламасы бойынша жұмсалған 12 513 000 теңге кассалық шығындары 15 1 257 053 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару» бағдарламасына жылжытылсын.»

2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Тасимов) жүктелсін.

4. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы Ю.Кустадинчев
Мәслихат хатшысы C.Лұқпанов

 

2017 жылға арналған облыстық бюджет (DOCX 58 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 12.04.2017 18:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.04.2017 18:51