Array Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.06.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
кейбір бұйрықтарына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы «___» ______ Қазақстан Республикасының Заңын іскеасыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетінқызметтердің стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
көрсетілген бұйрыққа1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
5-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, сонымен қатар порталғажүгінген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні;»;
мынадай мазмұндағы 10-тармағымен толықтырылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті беруші геодезиялық пункттердің тығыздығының, геодезиялық желілерді дамыту және жаңарту перспективаларының болмау кезінде, геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беруде бас тартуға міндетті.»;
көрсетілген бұйрыққа1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 3 қосымшамен толықтырылсын;
2. «Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11262 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 138 (28616) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақта:
4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда: басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды көрсетілетін қызметті берушінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты кәсіпорындар) қарауға дайындайды және жолдайды;»;
4) тармақшасының оныншы абзацыалып тасталсын;
6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) басқарманың жауапты орындаушысы ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың оң немесе теріс жауабы кезінде 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;»;
8-тармақта:
4) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда: басқарманың жауапты орындаушысы сұрауды ведомстволық бағынысты кәсіпорындарына қарауға дайындайды және жолдайды;»;
4) тармақшасының оныншы абзацыалып тасталсын;
6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) басқарманың жауапты орындаушысы ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың оң немесе теріс жауабы кезінде 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;»;
көрсетілген бұйрыққа2, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидаларды бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту туралы»;
1- тармақмынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Геодезиялық пункттерді қорғау туралы қағидалар «Геодезия және картография туралы»2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді жәнегеодезиялық пункттерді қорғауды, бұзуды немесе қайта салуды (ауыстыруды)қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік геодезиялық және нивелирлiк желi - жергiлiктi жерде арнаулы орталықтармен жәнебелгiлермен бекiтiлген пункттер жүйесi, олардың өзара жағдайы жоспарлықатынастарда және биiктiгi жөнiнен геодезиялық қызмет нәтижесiнде белгiленген;
2) геодезиялық пункт - орны белгiленген жерге (немесе жердегi құрылысқа) орнатылғанорталығымен және оның үстiне тұрғызылған құрылыспен (белгiмен) белгiленген геодезиялық желiпунктi;
3) желі (пункт) тығыздығы – бір пунктімен қамтамасыз етілетін, шаршы км аймағын сипаттайтын, қаралатын аймақ шегіндегі желі ішіндегі пункттердің тығыздығы.»;
мынадай мазмұндағы 11,12 тармақтармен толықтырылсын:
«11. Барлық масштабтағы топографиялық түсірілімдердің геодезиялық негізі мемлекеттік геодезиялық желіболып табылады. Топографиялық түсірілімдердің негізі болып мемлекеттік геодезиялық желілерде келесідей пункт тығыздығы нормалары бекітіледі:
- 1:25 000 және 1:10 000 масштабтағы түсірілімде - 50-60 шаршыкммемлекеттік геодезиялық желіде 1 геодезиялық пункт (триангуляциялық және полигонометриялық);
- тұрғын қоныстанбаған аймақта 1:5 000масштабтағы түсірілімде - 20-30 шаршыкм мемлекеттік геодезиялық желіде 1 геодезиялық пункт, 10-15 шаршыкм бір нивелирлік репер немесе 7-10 шаршыкм геодезиялық желідегі 1 пунктен кем емес (желілер жиілігіндегі триангуляцияжәне полигонометрия пунктері);
- тұрғын қоныстанбаған аймақта 1:2 000 және ірі масштабтағы түсірілімде – 1 геодезиялық пункт 5-15 шаршыкм мемлекеттік геодезиялық желіде және 5-7шаршыкм бір нивелирлік репер және 2 шаршыкм желілер жиілігінде 1 пунктке дейін;
- тұрғындар қоныстанған және өндірістік алаңда 1:2 000 масштабтағы түсірілімде – құрылыс тұрғызылған бөлігінде -1 шаршы км желілер жиілігінде 4 пунктен кем емес, құрылыс тұрғызылмаған аумақта -1 шаршы км 1 пункт.
Осы тармақта көрсетілген мемлекеттік геодезиялық желілерде пункттердің тығыздығы қамтамасыз етілмесе, геодезиялық пункттерді бұзуға болмайды.».
12. Бұрын тұрғызылған геодезиялық пункттерді басқа жерге қайта салу (ауыстыру) – орталығын қалыптастыру, сыртқы белгілерін қою, координаталарын және биіктіктерін анықтау уәкілетті органның кәсіпорындары, мемлекеттік қызметті алушы өтінім берушілермен (жеке және заңды тұлғалар) бірге жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтыңмемлекеттіктіркелгенненкүніненбастапкүнтізбелік он күнішіндеоныңмерзімдікбаспасөзбасылымдарындажәне «Әділет» ақпараттық-құқықтықжүйесіндересмижариялауғажолдануын;
3) осы бұйрықтыңҚазақстанРеспубликасыҰлттық экономика министрлігініңинтернет-ресурсындаорналастырылуынқамтамасызетсін.
3. Осы бұйрықтыңорындалуынбақылаужетекшілікететінҚазақстанРеспубликасыҰлттықэкономика вице-министрінежүктелсін.
4. Осы бұйрықалғашқыресмижарияланғанкүніненкейiнкүнтiзбелiк он күнөткенсоңқолданысқаенгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

«КЕЛІСІЛДІ»
ҚазақстанРеспубликасының
Инвестицияларжәне даму министрі
________________ Ә. Исекешев
201__жылғы«__»_________

 1-қосымша (161 кб)

 2-қосымша (16 кб)

 3- қосымша (16 кб)

 4- қосымша (159 кб)

 5- қосымша (18 кб)

 6- қосымша (16 кб)

 7- қосымша (23 кб)

 8- қосымша (22 кб)


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 11:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 11:06