Array Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №331-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.04.2017

Қызметтер

Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №331-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихатШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №331-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №2799 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2013 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

Қағиданың 7 тармағы мынадай мәтіндегі 4) тармақшамен толықтырылсын:

«ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

ай сайын ұсынылатын «Индер аудандық орталық аурухана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және «Индер аудандық өкпе аурулар диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің берген тізімдеріне сәйкес туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат, жастар ісі, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты комиссияға (О. Ділмұқашева) жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың ІІІ сессиясының төрағасы
Аудандық мәслихат хатшысы


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 16:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2016 16:41