Array Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы

Құрманғазы аудандық жер қатынастары бөлімі, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Бөлімнің мекен жайы: 060400 Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі, 25 үй. Тел.факс. 8(71233)2-1447, 2-12-89, электрондық пошта: kurmangazy_zem14@mail.ru . Сенім телефоны: 8(71233)2-14-47.

Бөлім басшысы: Имашев Куаныш Мусаевич.

Қызметкерлер: Бас маман Сахтаганов Сатжан Ахметович.

Бас маман Сабирова Назерке Утемисовна

Әдіскер Нариманов Айдарбек Утегенович

Аудандық жер қатынастары бөлімі аудан бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында өткізілетін семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне «Өзіңнен баста» тақырыбында мақала жарияланып келеді.

2017 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша «азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қортындылайтын» аудандық комиссия мәжілісінің 3 отырысы өткізілді.

Комиссия қортындысы негізінде 46 өтініш қаралып, оның ішінде 27 жеке тұлға және 13 заңды тұлғаның өтініштері қанағаттандырылды, 26 өтініш Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға байланысты халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу бағытында аудандық «Серпер» газетіне 2016 жылдың қыркүйек айында мақала жарияланды.

Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №358 қаулысына сәйкес 7 қызмет көрсету стандарты бойынша қызмет көрсетілуде. Мемлекеттік қызмет регламенті Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысымен бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері бөлімде тұрғындарға қолжетімді жерде орналастырылған.

2017 жылдың 1 тоқсанында 79 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді Оның ішінде:

1. Жерге орналастыру жобасын бекіту- 73.

2. Жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту бойынша өтініш түскен жоқ.

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешімге рұқсат беру бойынша 3 қызмет көрсетілді.

4. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

5. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру бойынша 3 қызмет көрсетілді.

6. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

7. Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру бойынша өтініш түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттарында тұрғындардың сана сезімінде сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған қосымшаға сәйкес жадынамалар мекеменің көрнікті жеріне ілінді.


Мақаланың шыққан күні:: 31.03.2017 17:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.03.2017 17:36