Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42, 105-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік меншік туралы» Заңының 159-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін.

3. Атырау облысы Дін істері басқармасы осы қаулыдан туындайтын барлық тиісті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға жүктелсін.

5. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов

 

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы «12» шілдедегі
№ 264 қаулысымен бекітілген

 

Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысы

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңнамада белгіленген тәртіпте коммерциялық емес сипаттағы әлеуметтік-мәдени функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме 2013 жылғы «12» шілдедегі №264 қаулысымен құрылды.

4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Атырау облысының әкімдігі табылады.

5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Атырау облысы Дін істері басқармасы болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің атауы:

Мемлекеттік тілінде: Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Информационно-аналитический центр» Управления по делам религий Атырауской области.

7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері Атырау қаласы, Алмагүл мөлтек ауданы, 4 үй. Индекс 060027

 

2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі

8. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі, бланкілері болады.

10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

 

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні заңнамада белгіленген тәртіппен коммерциялық емес сипаттағы мынадай әлеуметтік-мәдени функцияларды жүзеге асыру болып табылады:

1) әлеуметтік бастамалар мен бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру;

2) әлеуметтік бастамалар мен бағдарламалар мәселелерінде жастармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

12. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау;

2) деструктивтік діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету;

3) деструктивтік діни ағымдарға қарсы күресте басқа елдердің антисекталық ұйымдармен өзара бірлесіп қызмет ету;

4) ғылыми зерттеу, кеңес беру, дәріс оқу мен баспа қызметі;

5) деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты оқушылар арасында тиімді насихаттау мақсаттарында орта-арнаулы және жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік құрылымдармен қызмет ету;

6) лаңкестік пен экстремизмге қарсы насихаттау;

7) толеранттық және адамгершілікті насихаттау;

8) ұлтаралық және конфессияаралық диалогты насихаттау;

9) қазақстандық ұлттық және мәдени бірдейлендіруді насихаттау;

10) өзін-өзі бақылауды және төзімділікті насихаттау;

11) дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау;

12) тұрғындарға мәдени қарым-қатынасқа қажетті жағдай туғызады;

13) мұқтаж адамдар мен ұйымдарға құқықтық, кеңес беру және өзге көмек көрсетеді;

14) деструктивті әдебиеттер және радикалды мәнді материалдармен күрестегі сараптамалық кеңестің жұмысына көмектеседі;

15) ағартушылық қызметті жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының азаматтары және өзге мемлекеттердің азаматтары арасындағы мәдени, кәсіби және өзге қатынастарды дамытуға мүмкіндік туғызады;

17) әлеуметтік және мәдени өмірдің түрлі мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерттейді;

18) дін, мәдениет, тарих және т.с.с. тақырыптарда танымдық фильмдерді, радио бағдарламаларды, семинарларды және конференцияларды көрсетуді өткізеді;

19) баспа қызметін жүзеге асыру;

20) Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында және одан тыс жерлерде мекеменің қызметін насихаттайды.

13. Мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

14. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында, не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, не прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

15. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеледі.

 

4. Мемлекеттік мекемені басқару

16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган - Атырау облысының Дін істері басқармасы жүзеге асырады.

17. Атырау облысы Дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүргізеді;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мекемені басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

9) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

18. Мемлекеттік мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органы) (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

20. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

21. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Атырау облысының Дін істері басқармасы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

22. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мемлекет алып берген мүлкінен құралады.

23. Мүлік оның жедел басқару құқығына тиісті болып, мемлекеттік меншігіне қатысты болады.

24. Мемлекеттік мекеме өз бетінше иеліктен шығаруға немесе берілген мүлік пен оған смета бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

25. Мемлекеттік мекеменің қызметі егер басқа мүмкіндіктер Қазақстан Республикасы заңнамасында ескерілмесе, облыстық бюджеттің қаражатынан ғана қаржыландырылады.

26. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

27. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органымен жүзеге асырылады.

 

6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

28. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

29. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының шешімі бойынша жүргізіледі.

30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

31. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

32. Мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік мекеменің филиалдары және өкілдіктері жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 31.08.2016 17:52
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2016 18:23