Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 105-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 163, 164-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Заңының 27, 37, 39-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы №608 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) құрылсын.

2. Қоса берілген Басқарма туралы Ереже бекітілсін.

3. «Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Басқарманың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ж.Мұқанға жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов

 

 

 

 

 

 Облыс әкімдігінің 2013 жылғы

«26» маусымдағы №245 қаулысымен бекітілген

 

 

Атырау облысы Дін істері басқармасы туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, №77 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Атырау облысы Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

13. Басқарманың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамаларына қайшы болмауы тиіс.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары және құқықтары

 

14. Басқарманың миссиясы:

1) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру және діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметі саласында болып жатқан үдерістерді жан-жақты және объективті зерделеу.

15. Басқарманың міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқармаға жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады;

2) Басқарма қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады;

3) азаматтардың діни сенім бостандығына және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау құқықтарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

4) діни ахуалдың дамуына, Қазақстан Республикасы аумағында құрылған, заңды тұлға белгілері жоқ діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметіне зерделеу мен талдау жүргізеді;

5) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;

6) өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асырады;

7) азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

8) діни ұйымдар, қоғамдық білестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, дінтанушылардың, заңгерлердің және құқық саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен дінтану сараптамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді.

16. Басқарманың функциясы:

1) діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылыққа қатысты мәселелерді қарайды;

2) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) діни бірлестіктермен қарым-қатынасты реттеу саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер береді;

5) заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Басқарманың құқықтары және міндеттері:

Басқарманың өзіне жүктелген міндеттері мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

- діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;

- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

- Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізуге;

- қызметтің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға;

- Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Басқарма басшысын Дін саласындағы уәкілетті органның келісімімен Атырау облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) Басқарманың қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

3) өз орынбасарларының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған қажетті шараларды алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

8) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

9) Басқарма мемлекеттік басқару органы болатын мекеме мен кәсіпорындардың басшыларын заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады;

10) Басқарма басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Басқарманың мүлкі

 

22. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлкінен құралады.

23. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 14.06.2016 16:34
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.06.2016 16:34