Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру, ережесін бекіту және облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Жеке кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық
кеңес құру, ережесін бекіту
және облыс әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші жойылды
деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 21) тармақшасына, 37-бабына Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабының 1-тармағына, 105-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №748 «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 7-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1090 «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:   

  1. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрылсын.
  2. Қоса берілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
  3. Атырау облыстық әкімиятының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі №223 «Атырау облысы әкімі жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы», Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы24 ақпандағы №40 «Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі №223 «Атырау облысы әкімі жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы», Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 сәуірдегі №147 «Облыс әкімиятының 2006 жылғы 22 қыркүйектегі №223 «Атырау облысы әкімі жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                                         Н. Ноғаев

 

 


 

 

Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___» _______ №___қаулысына

қосымша

 

Атырау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «___» _________

№ ___қаулысымен

бекітілген

 

 

Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер

туралы ереже

Осы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын сараптамалық кеңестерді қалыптастырудың және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.

 

1. Жалпы ереже

 

  1. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – сараптамалық кеңес):
  • кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;
  • кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу; 
  • кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО)  жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган.

2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының   Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ЖАО әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларын (бұдан әрі – жоба) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар ЖАО ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;

2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;

3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында ЖАО қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді;

4) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті атқарушы органдармен әзірленген реттеушілік әсерді талдауды қажет ететін, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің жобаларын қарайды;

5) қарау нәтижелері бойынша сараптамалық кеңестің реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды.

 

2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

 

4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – Ұлттық палата), заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ ЖАО өкілдерінен қалыптастырылады.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар ЖАО жанындағы сараптамалық кеңестердiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан, хатшысынан және кеңестің мүшелерінен тұрады.

Сараптамалық кеңестің құрамы ЖАО басшысының шешімімен бекітіледі.

 

3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі

6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:

1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;

2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;

3) мыналарға:

қаралатын жобалар бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуге;

тиісті ЖАО құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасауы;

4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында ЖАО қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;

5) сараптамалық кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.

7. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы болып Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы табылады.

8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:

1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;

2) жобаларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға, коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды ЖАО ресми интернет-ресурсына орналастырады;

3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;

4) сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.

9. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.

Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.

10. Сараптамалық кеңестің шешімдері осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша төраға және хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы  болмайды.

Бұл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.

11. Сараптамалық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

12. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.

13. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті ЖАО құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

14. Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және жоба қабылданғанға дейін оның ішінде осы жобаны мүдделі ЖАО келесі әрбір келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.

Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша ескертулері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.

Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілу мүмкін.

16. ЖАО сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда, жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

ЖАО сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.

Жобаға Кодекстің 65-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ЖАО белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.

 

 


 

 

Жеке кәсіпкерлік мәселелері
жөніндегі сараптамалық
кеңес туралы
ережеге
қосымша

 

 

жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық
кеңестің

ХАТТАМАСЫ

 

                  ____________________________________________________________________________

                                                                               (ЖАО атауы)

 

№ ___________________________    жылғы «___» __________

                      Күн тәртібі

Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер

палатасының ___________________________________________________________________________________________

                                (нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе)

__________________________________________________________________________________________қарауы туралы

1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз

ұсынғандар: ____________________________________________________________________________________________

                                                               (ұйымның атауы)

2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен

ұсынғандар:____________________________________________________________________________________________

                                               (ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың

______________________________________________________________________________________________________

                                             жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)

3. Сараптамалық қорытынды ұсынбағандар:__________________________________________________________________

                                                                                                      (ұйымның атауы)

4._____________________________________________________________________________________________________

                                                (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)

 

Сараптамалық кеңестің төрағасы

Сараптамалық кеңестің хатшысы

 

Ескертпелер:

*Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық – 10 (7/3)

**Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер

палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген

бірлестігіне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу

себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

 


Мақаланың шыққан күні: 01.03.2018 05:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 14:25

Қаралым саны: 1557