Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратына 2019 жылдың II жартыжылдығына қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы «Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі»

«Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Алға ауылы, Сибағат ата көшесі, 31 А үй, 8(71233) 3-31-41, факс 3-31-42. эл.почта: makash_so@mail.ru «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 3 қаңтардағы №1 «Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде «Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратына» сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың қаңтар айының 8-10 күндері аралығында жүргізілді.

I. Ақпаратттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатыстық.

Сыбайлас жемкорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында округте Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефондары округ кеңсесінің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Мемлекеттік қызметшілер заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемелері мен жұмыс уақытында мобильдік құрылғыларды пайдалану тәртібі туралы шектеулермен танысып, қолдарын қойды.

Округте жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда, тұрғындарды қабылдау өтеді және түсінік жұмыстар жүргізіледі.

Өткен жылдың II жартыжылдығына жазбаша 39 өтініш келіп түсіп, барлығына толықтай жауап берілді.

Округ бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қзақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңы басшылыққа алынып жұмыстар атқарылып келеді.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы декларация әр жылдың  31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырады.

Округ мемлекеттік қызметтің 1 (бір) түрін көрсетеді.

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім бері ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау»

2019 жылдың II жартыжылдығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының мобильдік тобы және «e.gov» порталы және округ арқылы барлығы 146 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

1. Электронды сандық қолтаңба алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы жөнінде анықтамалар, балабақшаға кезектілікті анықтау және тағы басқа да 78 қызмет көрсетілді.

2. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім бері ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау» 68 қызмет көрсетілді.

Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратында күні бүгін 1 әкім, 3 бас маман қызмет атқарса, бір бас маман штаты вакант болып тұр.

Қорытынды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар

«Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын қауіпі анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 20.01.2020 17:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.01.2020 17:08

Қаралым саны: 79