Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2019 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, М.Ғилаев көшесі,№9. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15. эл.пошта: ganuyshkino.akimat@mail.ru.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы. Аталған бұйрық негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға округ әкімінің 95-Ө өкімімен жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың тамыз айының 14-19 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына есепті мерзім бойынша округ әкімімен – 228 шешім және –141 өкім қабылданды .

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

ІІ. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Округ әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға жүктелген.

2019 жылдың I жартыжылдығында Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 309 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 302 , заңды тұлғалардан - 7 арыз түсті.

2019 жылы I жартыжылдығында өтініштің оның ішінде - 193 оң шешіліп, 83-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді, 33 арыз қаралуда.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесін қозғайды. Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

№1-ОЛ нысанды статистикалық қорытынды бойынша есебі 2019 жылдың I жартыжылдығы бойынша аудан әкімінің жалпы бөліміне тапсырылады.

Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратында 2019 жылдың I жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 11 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 10, бір бос лауазым орны бар. Кадрлардың

ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

 

Құрманғазы ауылдық округ бойынша сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген

округтің бас маманы М.Гумарова


Мақаланың шыққан күні: 13.11.2019 15:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.11.2019 15:43

Қаралым саны: 341