Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, М.Ғилаев көшесі,№9. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15. эл.пошта: ganuyshkino.akimat@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы. Аталған бұйрық негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың қаңтар айының айының 4-9 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

 

І. Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратына есепті мерзім округ әкімімен – 180 шешім (жыл қортындысымен 336) және – 97 өкім қабылданды (жыл қортындысымен 200).

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік-актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

ІІ. Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Округ әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды.Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы М.Гумароваға жүктелген.

2017 жылдың II жартыжылдығында Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 321 (жыл қортындысымен 673) өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 319 (жыл қортындысымен 670), заңды тұлғалардан -2 (жыл қортындысымен 3), арыз.

2017 жылы қаралған барлығы өтініштің 673 (жыл қортындысымен 673) оның ішінде 276- оң шешіліп (жыл қортындысымен 515) , 93-не (жыл қортындысымен 158) заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді.

Өтініштердің басым көпшілігі жер және жерді пайдалану – 249 (жыл қортындысымен 604), тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 3 (жыл қортындысымен 15), әлеуметтік және зейнетақы – 16 (жыл қортындысымен 38),

білім, денсаулық сақтау – 2 (жыл қортындысымен 3), (мүгедектер мәселесі,газ жүргізу, және т.б) қамтылды.

Аудан әкімінің жалпы бөліміне 2017 жылдың 28 желтоқсандағы санды хатымен Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппараты 2017 жылдың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті жылдық қорытынды бойынша есебі тапсырылып отыр.

2017 жылдың II жартыжылдық мерзімі ішінде Прокуратура және Сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Ганюшкин ауылдық округі әкімінің аппаратында 2017 жылдың II жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 11 штат бар, аудан әкімінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 521 қаулысымен 1 штат бірлігі қысқартылды . Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 10, бала күтіміне байланысты 1 лауазым 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап бос тұр. 2017 жылдың II жартыжылдығында 5 бос лауазым орнына конкурс өткізілді (жалпы және ішкі конкурстары).

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Ганюшкин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2018 23:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2018 23:29

Қаралым саны: 1070