Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Атырау облысы,Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Жыланды ауылы, Құрманғазы көшесі 1, тел: 8(71233) 3-94-34.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес Дыңғызыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 04 қаңтардағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді. Аталған өкім негізінде Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округ бас маманы А.Гайсинаға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың қаңтар айының айының 3-9 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде округ әкімінің – 21 шешім (жыл қортындысымен 44 ) және – 56 өкім қабылданды (жыл қортындысымен 95).

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік-актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру округ бас маманы Г.Кумарова жүктелген.

2017 жылдың II жартыжылдығында Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 13 (жыл қортындысымен 23) өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 13 (жыл қортындысымен 23), заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ..

2017 жылы қаралған барлығы 13 (жыл қортындысымен 23) өтініштің 8 (жыл қортындысымен 15) оң шешіліп, 5 - не (жыл қортындысымен 8) заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесіне байланысты – 5 (жыл қортындысымен 14), басқа да мәселелер - 4 (жыл қортындысымен 7).

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөліміне 2017 жылдың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды жиынтық жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2017 жылдың II жартыжылдық мерзімі ішінде Прокуратура және Сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппаратында 2017 жылдың II жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Ауылдық округ қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қарашадағы №540 «Дыңғызыл ауылдық округінің әкім аппаратының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 6 бірлікті құрайды, онын нақты саны -5 бірлік, бос лауазым - 1 орын. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Дыңғызыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

Дыңғызыл ауылдық округінің әкімі О.Азимов


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2018 23:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 23:17

Қаралым саны: 959