Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
14.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына 2018 жылдың І жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.ru

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 21 маусымдағы №190 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Н.Дареловке жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың маусым айының 12-18 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

І. Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде аудан әкімдігімен – 120 қаулы, аудан әкімімен – 14 шешім және – 175 өкім қабылданды.

Сонымен қатар, Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 6 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік-актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Аудан әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Аудан әкімі аппараты «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін қолдануға рұқсат беру» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» туралы «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық – жүйесіне келіп түскен өтінішті тіркеуге байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асырады. Осы қызметтер бойынша жауапты болып аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманына бекітілген. Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2018 жылдың I жартыжылдығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына барлығы – 129 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 125 , заңды тұлғалардан – 4 өтініш. 2017 жылы барлығы 415 өтініш түссе, 2018 жылдың 22 маусымына дейін 129 өтініш келіп түсті. Оның 15-і қаралуда.

Сондай-ақ, 2018 жылдың I жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан – 6, электронды үкімет порталыннан – 7, «Нұр Отан» партиясынан – 2 өтініш түсті.

2018 жылы қаралған барлығы 129 өтініштің 44 оң шешіліп, 70-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді, қалған 15 өтініш қаралу үстінде. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратымен қаралған арыздар – 6.

Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 24, еңбек және жұмыспен қамту – 3, әлеуметтік және зейнетақы-10, білім, оқу ақысын төлеу – 3, жер және жерді пайдалану – 79, денсаулық сақтау – 0, су және су ресурсы – 1, кәсіпкерлік – 2, құрылыс – 0, қаржылай көмек – 0, экономика – 0, спорт-0, мәдениет және өнер – 0, шағым – 0, ауыл шаруашылығы – 2, мемлекеттік басқару мәселесі – 0, басқа да мәселелер – 5. (Ауданның құрметті азаматы атағы жөнінде, мүгедектер мәселесі, төс белгісі, забор қоршау мәселесі және т.б) қамтылды.

2018 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімімен қабылданған азаматтардың саны – 15 адамды құрады, 15 азаматқа тиісті түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің ресми блогына 1 сұрақ келіп түсті, (жұмыс мәселесі бойынша) заң шеңберінде түсінік берілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына 2018 жылдың 31 мамырдағы №08-01-01/1343 санды хатымен Құрманғазы ауданы әкімі аппараты 2018 жылдың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды жиынтығының (19 ауылдық округтер, 13 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының) жартыжылдық

бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2018 жылдың I жартыжылдық мерзімі ішінде Прокуратура және Сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында 2018 жылдың I жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 22 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 20, бос лауазым 2. 2018 жылдың I жартыжылдығында 3 бос лауазым орнына конкурс өткізілді (жалпы конкурс).

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 02:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 02:56

Қаралым саны: 890