Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне 2019 жылдың І жартыжылдығына қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы»

«Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-01-53, факс 2-14-36.

Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы №6 «Құрманғазы ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлім» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 8 бірлікті құрайды. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 7 адам жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 4-3/421 Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Асыл тұқымды мал шаруашылығы дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығына сәйкес келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

2) Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау;

3) Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;

4) Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

5) Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

6) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

7) Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

8) Суарылатын егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру;

9) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

10) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

11) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

12) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

13) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау.

14) Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту.

15) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру .

16) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту .

17) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру .

18) Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түріне ауыстыруға рұқсат беру.

19) Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру .

20) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру.

2019 жылғы І жартыжылдығы бойынша бөлімде жалпы саны – 480 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-01-53 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында жалпы бөлімде ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентінің тақтайшалары орнатылған және 2019 жылдың 10 қаңтарында, 2019 жылдың 17 қаңтарында «Серпер» газетіне мақалалары жарияланды.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Алға қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар бөлімде жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 09:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 09:57

Қаралым саны: 260