Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудыннәтижелері туралы «Мақаш ауылдық әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылгы 3 қантардағы №1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде «Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратына» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың қаңтар айының 3-9 күндері аралығында жүргізілді.

І. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілердің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып жұмыс жасап келеді.

Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кезде дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатыстық.

Сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметкерлердің этика ережесін бұзумен күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында округте Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) және сенім телефондары округ кеңсесінің көрнекі жерінде ілініп тұр.

Округке жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді уақытылы қарау үнемі бақылауда, тұрғындарды қабылдау өтеді және түсінік жұмыстар жүргізіледі.

Округ бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңы басшылыққа алынып жұмыстар атқарылып келеді.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімде тапсырады.

Округ, мемлекеттік қызметтің 2 (екі) түрін көрсетеді:

1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау»

2. «жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы анықтама беру»;

2017 жылдың ІІ жартыжылдығында барлығы 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1.«Шалғайдағы Көкарна, Қарақұл, Иманов елді мекендерде тұратын отбасыларының балаларын жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау жөнінде» - 42 өтініш тіркеліп, қанағаттандырылды.

2. «Отбасыларға жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал басының бар болуы туралы анықтама беру» жөнінде – 9 анықтама тіркеліп қанағаттандырылды.

Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратында 1 әкім, 3 бас маман, 2 жетекші маман қызмет атқарады.

Қорытынды: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.

«Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында, сыбайлас жемқорлық туғызатын қауыпы анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Мақаш ауылдық округі әкімі аппараты». Мемлекеттік мекемесінің қызыметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 19.01.2018 05:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.01.2018 05:33

Қаралым саны: 1071