Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына 2017 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.ru

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 14 маусымдағы №139 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Дареловке жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2017 жылдың маусым айының 19-27 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

 

І. Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде аудан әкімдігімен – 265 қаулы, аудан әкімімен – 37 шешім және – 348 өкім қабылданды.

Сонымен қатар Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 20 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік-актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

ІІ. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Аудан әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Аудан әкімі аппараты «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін қолдануға рұқсат беру» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» туралы «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық-жүйесіне келіп түскен өтінішті тіркеуге байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асырады. Осы қызметтер бойынша жауапты болып аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманына бекітілген. Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

Құрманғазы ауданы бойынша күні бүгінгі жағдаймен кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 22 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 19, бос лауазым 3 орын.

Кадрлардың ауысымына талдау жүргізу кезінде сыбайлас тәуекелдері анықталған жоқ.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2017 жылы Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына барлығы – 212 (2016 жылы - 564) өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан - 187 (2016 жылы - 510), заңды тұлғалардан -25 (2016 жылы - 54) арыз. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы түскен арыздардың саны 20,3%-ға кеміп отыр.

Сондай-ақ, 2017 жылы жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан - 16 (2016 жылы - 40), электронды үкімет порталыннан - 2 (2016 жылы-3) , «Нұр Отан» партиясынан- 3 өтініш түсті.

2017 жылы қаралған барлығы 212 өтініштің 83-ы оң шешіліп, 108-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратымен қаралған арыздар – 16. Қалған 21 өтініш қаралуда.

Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық - 41, еңбек және жұмыспен қамту-13, әлеуметтік және зейнетақы -6, білім, оқу ақысын төлеу –3, жер және жерді пайдалану – 109, денсаулық сақтау - 2, кәсіпкерлік -2, мәдениет және өнер-3, шағым-1, басқа да мәселелер- 32. (Ауданның құрметті азаматы атағы жөнінде, мүгедектер мәселесі, төс белгісі, забор қоршау мәселесі және т.б) қамтылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімімен қабылданған азаматтардың саны - 30 адамды құрады, олардың ішінде 4 азамат бойынша мәселелер оң шешімін тапты, сонымен бірге 26 азаматқа тиісті түсініктемелер берілді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 11.07.2017 08:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.07.2017 12:54