Array Жылыой ауданы әкімінің «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылдың міндеттері туралы» есептерінің талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы әкімінің «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылдың міндеттері туралы» есептерінің талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

Ұсыныс пікірлер мазмұны

Орындалысы

1

Ардагерлерге автобуспен жүру үшін жеңілдіктер қарастыру үшін ұсыныс беру

Қазіргі таңда барлық қалаішілік жолаушы тасымалы бағыттарында 1, 2 топтағы мүгедектерге және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 50 пайыз жеңілдікпен және Ұлы отан соғысына қатысушылармен мүгедектеріне, оған теңестірілген тұлғаларға қоғамдық көлікте тегін жүру қамтамасыз етілді.

2

Ардагерлер үшін емханада кезектілікті азайту үшін нақты шаралар алынсын

Емханадан көрсетілетін медициналық көмектің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық портал енгізілді. Амбулаториялық-емханалық көмек порталының «Электрондық Үкімет» порталымен өзара әрекеттесуі арқылы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» электрондық мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде жүргізіліп отыр. Сол себептен порталдың тіркеу орны модулінде қабылдау графигі мен дәрігерлердің кестесі толықтай енгізілген. Ардагерлер дәрігерге портал арқылы өзіне белгіленген уақытта кезексіз келеді, порталға үйден тіркелуге болады.

3

Аудан бойынша барлық ауылдарда балабақша құрылысы жүргізілуіне байланысты Майкөмген ауылдық округіне балабақша құрылысын салу

Ауылдық округтен балабақшаға арналған жер телімі бөлініп, шешім шығарылды. Жерге қатысты барлық құжаттары жасақталды. Жобалау-сметалық құжаттары әзір. Облыстық құрылыс басқармасына қаражат бөлу жөнінде ұсыныс берілді.

4

Құлсары қаласында белгіленген жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

2 массив бойынша қазіргі таңда инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттары әзір. Облыстық құрылыс басқармасына қаражат бөлу жөнінде ұсыныс берілді.

5

№15 С.Карабалин атындағы орта мектепте спорт зал құрылысы салу

№15 С.Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектепке «Ақсайстройсервис» мекемесі спорт зал салу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта спорт залдың ішкі жұмыстары басталып, кәріз, жылу жүйесі жүргізілуде.

 

 

Қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің «2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2016 жылдың міндеттері туралы» есептерінің талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының І тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

 

Ұсыныс пікірлер мазмұны

Орындалысы

Құлсары қаласы

1

«Барлаушылар» ықшам ауданына асфальт жол төсеу жұмыстарын жүргізу

«Барлаушылар» ықшам ауданына асфальт жол төсеу жұмыстары жоспарда бар. Алайда, қазіргі таңда бюджеттен қаражат қарастырылмауына байланысты, аталған жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік жоқ.

Сол себепті, алдағы уақытта бюджеттен қаражат қарастырылған жағдайда, «Барлаушылар» ықшам ауданына асфальт жол төсеу жұмыстары жүргізіледі.

2

Әжіғалиев көшесіне көше жарығын жүргізу

Қала бойынша көше жарығын жүргізуді қажет ететін көшелірдің тізімі жасақталып, 10 шақырым көше жарығын жүргізетін көшелер анықталды. Аталған тізімге 6 ауылдағы Д.Әжіғалиев көшесіне көше жарығын жүргізу жұмыстары енгізілген. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттары толықтай жасақталып аяқталды. Ендігі кезекте қаражат бөлінген уақытта іске асатын болатын.

3

Қорғанбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша, қала көшелеріне жаяу жүргінші төсемтастарын төсеу жұмыстары жоспарда бар. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда, Қорғанбаев көшесіне жаяу жүргінші төсемтастарын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

4

«Барлаушылар» ықшам ауданына

балалар ойын алаңын салу

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша, қала ықшам аудандарына балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары жоспарда бар. Алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда, «Барлаушылар» ықшам ауданына балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары жүргізіледі.

Жаңа Қаратон кенті

5

Кентішілік автомобиль жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу

Кентішілік автомобиль жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу. Кентішілік ұзындығы 2 км автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды, қаржы бөлінді.Жөндеу жұмыстары 2016 жыл ішінде жүргізіледі.

6

Жеке сектордағы 34 үйлік, 68 үйлікке асфальт жол құрылысын салу

Жеке сектордағы 34 үйлік, 68 үйлікке асфальт жол құрылыс жұмыстарының ақаулық тізімі анықталып, жобалау сметалық құжаттамасын жасақтау үшін қаражат бөлінуі күтілуде.

Майкөмген ауылдық округі

7

Майкөмген ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу

Ауылдық округтен дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне арналған жер телімі бөлініп, шешімі шығарылды. Жерге қатысты барлық құжаттары жасақталды. Облыстық құрылыс басқармасына қаражат бөлу жөнінде ұсыныс берілді

Жем ауылдық округі

8

Тұрғызба ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу

Қазіргі таңда дене-шынықтыру кешенін салу үшін жері белгіленіп, жобалау-сметалық құжаты жасақталған. ТШО-ның демеушілік көмегімен қаражат көзін қарастыруды облыстық құрылыс басқармасы ұйымдастыруда.

9

Тұрғызба ауылындағы «Ақбұлақ» бағдарламасының жұмысын жалғастыру, 2016 жылы толық іске қосу жұмыстарын жүргізу

«Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде Тұрғызба ауылдық округінің атқарылған жұмыстары: негізгі көшелерге басты құбыр тарту Д-110, 100 пайызға орындалды. Атқарылмаған жұмыстарды толығымен аяқтап іске қосу жыл аяғына жоспарланған.

Қара Арна ауылдық округі

10

Қара Арна ауылдық округіне балалар ойын алаңын салу

Шоқпартоғай ауылына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жерден балалар ойын алаңын салу жоспарланып, қаражат қарастырыған. Жері белгіленіп, құжаттары жасақталуда.

11

Шоқпартоғай ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

Шоқпартоғай ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысына жер бөлініп, құжаттары жасақталған. Қазіргі таңда қаражат бөліну күтілуде.

Қосшағыл ауылдық округі

12

Қосшағыл ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу

Қосшағыл ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалау сметалық құжаттары әзір. Құрылысқа қаражат қаралуы күтілуде.

13

Қарағай елді мекеніне жол құрылысын салу

Қарағай елді мекеніне жол құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттары жасақталуда.

Ақкиізтоғай ауылдық округі

14

Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолын күрделі жөндеуден өткізу

Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолының күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылы қараша айында басталды. 2016 жылға жөндеу жұмыстары аяқталатын болады.

15

Ақкиізтоғай ауылына дене-шынықтыру сауықтыру кешенін салу

Ақкиізтоғай ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысына жер бөлініп, құжаттары жасақталған. Қазіргі таңда қаражат бөліну күтілуде.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 10:13