Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына 2018 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.ru

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 21 маусымдағы №190 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы А.Тухтаровқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың қантар айының 17-24 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аудан әкімі аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы Конституция;

«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Кодексі;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі

І. Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында 2018 жылдың II жартыжылдығында аудан әкімдігімен –218 қаулы, аудан әкімімен – 22 шешім және –401 өкім қабылданды.

Сонымен қатар, Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 2 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары:

Аппарат мемлекеттік қызмет тікелей көрсетілмейді. Аудан әкімдікке қарасты 10 дербес бөлімдер мен 19 ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін қызметтерге мониторинг жасап, бақылау жүргізеді, атап айтқанда бекітілген стандарттарына сәйкес уақытылы және сапалы көрсетілуін, рәсімделуін қадағалайды.

Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

ІІІ. Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2018 жылдың II жартыжылдығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына барлығы – 126 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 110, заңды тұлғалардан – 16 өтініш.

Сондай-ақ, 2018 жылдың II жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан – 0, электронды үкімет порталыннан–2, «Нұр Отан» партиясынан – 0 өтініш түсті.

2018 жылдың II жартыжылдығында қаралған барлығы 126 өтініштің 52 оң шешіліп; 74-сіне заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратымен қаралған арыздар – 0.

Тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 14; еңбек және жұмыспен қамту – 8; әлеуметтік және зейнетақы-11; білім, оқу ақысын төлеу–4; жер және жерді пайдалану – 70; денсаулық сақтау – 0; су және су ресурсы – 2; кәсіпкерлік – 0; құрылыс – 13; қаржылай көмек – 0; экономика – 0; спорт-0; мәдениет және өнер – 0; шағым – 1; ауыл шаруашылығы – 0; мемлекеттік басқару мәселесі – 0; басқа да мәселелер –3 қамтылды.

2018 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімімен қабылданған азаматтардың саны – 3 адамды құрады, 3 азаматқа тиісті

түсініктемелер берілді. Сондай-ақ, аудан әкімінің ресми блогына 1 сұрақ келіп түсті, (аудандағы банкомат және ауылішілік жол құрылысы мәселесі) заң шеңберінде түсінік берілді.

Аудан әкімі аппараты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына 2018 жылдың 29 желтоқсандағы №08-01-01/3194 санды хатымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (19 ауылдық округтер, 13 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының) 2018 жылдың II жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2018 жылдың II жартыжылдық мерзімі ішінде Прокуратура және Сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

ІV. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында 2018 жылдың II жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 22 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 21, бос лауазым 1, уақытша. 2018 жылдың II жартыжылдығында бос лауазым орнына конкурс өткізілген жоқ.

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына 10 мемлекеттік қызметші жіберілген. Аудан әкімінің 2017 жылғы 17 қантардағы №30-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін ІІ жартыжылдықта 2 мемлекеттік қызметшіге «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған.

Ағымдағы жылдың 31 наурызға дейін мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2018 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру міндеті болып табыландығы ескертілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

Ауданы әкімі аппаратының

құқықтық қамтамасыз ету,

құқық қорғау органдарымен

жұмыс және жұмылдыру

дайындығы бөлімі басшысы М.Мустахишев


Мақаланың шыққан күні: 22.01.2019 16:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.01.2019 16:49

Қаралым саны: 547