Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.ru

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы 19 тамыздағы №181 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы А.Тухтаровқа жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың тамыз айының 21-27 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аудан әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;

«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі

І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында 2019 жылдың I жартыжылдығында аудан әкімдігімен –210 қаулы, аудан әкімімен – 25 шешім және –304 өкім қабылданды.

Сонымен қатар, Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 5 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары:

Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді және рұқсат беру функциясы жоқ. Аудан әкімдікке қарасты 10 дербес бөлімдер мен 19 ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін қызметтерге мониторинг жасап, бақылау жүргізеді, атап айтқанда бекітілген стандарттарына сәйкес уақытылы және сапалы көрсетілуін, рәсімделуін қадағалайды.

Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

ІІІ. Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2019 жылдың I жартыжылдығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына барлығы – 173 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 151, заңды тұлғалардан – 22 өтініш.

Сондай-ақ, 2019 жылдың I жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан – 1 өтініш түсті.

2019 жылдың I жартыжылдығында қаралған барлығы 173 өтініштің 55 оң шешіліп; 118-сіне заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 3.

Тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 40; еңбек және жұмыспен қамту – 5; әлеуметтік және зейнетақы-6; білім, оқу ақысын төлеу – 2; жер және жерді пайдалану – 79; су және су ресурсы – 6; кәсіпкерлік – 2; құрылыс – 1; шағым – 6; жол салу мәселесі-6; басқа да мәселелер –20 (кәріз жүйесін тазалауға көмек сұраған, отбасы жағдайының мәселелері, картридждерді ұсыну, интернет желісін, кілемдерді ұсыну және тағы да басқа мәселелер) қамтылды.

2019 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімімен 39 азаматтар қабылданып тиісті түсініктемелер берілді. Аудан әкімінің ресми блогына жер мәселесі бойынша келіп түскен сұраққа заң шеңберінде түсінік берілді.

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына 2019 жылдың 1 шілдедегі №08-01-01/1313 санды хатымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 19 ауылдық округтер, 10 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының 2019 жылдың I жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2019 жылдың I жартыжылдық мерзімі ішінде прокуратура және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

ІV. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында 2019 жылдың I жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 22 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 22 адам.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында бос лауазымдар болмағандықтан конкурс өткізілген жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 2017 жылғы 17 қантардағы №30-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2018 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақытылы табыс етіледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019 09:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.09.2019 09:53

Қаралым саны: 284