Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне 2019 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының нәтижелері туралы

«Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, 30 үй, 8(71234) 2-17-86, факс 2-17-96.

Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №254 «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 3 бірлікті құрайды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

2019 жыл бойынша бөлімде жалпы саны – 984 мемлекеттік қызметттер көрсетті.

Жер кодексінің 48 бабына сай, 2019 жылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде 2 конкурс өткізіліп, оған жалпы көлемі 52259 гектар 83 жер телімі шығарылып, қонкурс қорытындысы бойынша көлемі 50552 гектар 72 жер телімі конкурс жеңімпаздарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге табысталды.

Кәсіпкерлік мақсатқа берілетін жерлерге 2019 жылы 4 рет аукцион өкізіліп, жалпы көлемі 14,8 гектар 63 жер телімі аукционға шығарылды. Нәтижесінде аукцион жеңімпаздарына 10,1 гектар 37 жер телімін жалға алу құқығы 14168,48 мың тг.сатылып берілді.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-17-96 сенім телефоны орнатылған. Аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кейбір түрлеріне өзгерістер енуіне байланысты халыққа түсіндіру мақсатында бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандартарты мен регламенттерінің тақтайшалары орнатылған.

Бөлім бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында бөлім қызметкерлері арасында 2 жиналыс өткізілді.

Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

Алға қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде жұмыстар бөлімде жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 12:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 12:15

Қаралым саны: 200