2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына 2017 жылдың ІІ жартыжылдығына жыл қортындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі  Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.r

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы         3 қаңтардағы  №1 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы Ж.Хамзинге жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2018 жылдың қаңтар айының айының 3-9 күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

 

І. Аудан әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша       

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына есепті мерзім ішінде аудан әкімдігімен – 319 қаулы (жыл қортындысымен 584) , аудан әкімімен –   36 шешім (жыл қортындысымен 73 )  және – 420 өкім қабылданды (жыл қортындысымен 768). 

Сонымен қатар Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 18 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ағымдағы жылдың есепті мерзімі ішінде қабылданған нормативтік-актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

 

ІІ. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Аудан әкімі аппараты рұқсат беру функияларын жүзеге асырмайды. Аудан әкімі аппараты «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін қолдануға рұқсат беру» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» туралы «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық-жүйесіне келіп түскен өтінішті тіркеуге байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асырады. Осы қызметтер бойынша жауапты болып аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманына бекітілген. Аталған қызметтерге байланысты сыбайлас тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

2017 жылдың II жартыжылдығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына  барлығы – 203 (жыл қортындысымен 415) өтініш түсті. Оның ішінде: жеке   тұлғалардан  -  178 (жыл қортындысымен 365), заңды тұлғалардан -25 (жыл қортындысымен 50) арыз. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы түскен арыздардың саны 26%-ға кеміп отыр.

Сондай-ақ, 2017 жылдың II жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан - 21 (жыл қортындысымен 37), электронды үкімет порталыннан – 3 (жыл қортындысымен 5) , «Нұр Отан» партиясынан- 1 (жыл қортындысымен 4) өтініш түсті.

2017 жылы қаралған барлығы 203 (жыл қортындысымен 415)  өтініштің 113 (жыл қортындысымен 196)  оң шешіліп, 111-не (жыл қортындысымен 219)  заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратымен қаралған арыздар – 21 (жыл қортындысымен 37).

Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 39 (жыл қортындысымен 70), еңбек және жұмыспен қамту- 16 (жыл қортындысымен 29), әлеуметтік және зейнетақы -6,  білім, оқу ақысын төлеу –9 (жыл қортындысымен 12), жер және жерді пайдалану – 120 (жыл қортындысымен 229), денсаулық сақтау - 2, кәсіпкерлік -6 (жыл қортындысымен 8), мәдениет және өнер-3(жыл қортындысымен ), шағым-1 (жыл қортындысымен 1), су және су ресурсы – 1(жыл қортындысымен 1), ауыл шаруашылығы -3(жыл қортындысымен 3), мемлекеттік басқару мәселесі-4(жыл қортындысымен 4) басқа да мәселелер-  21 (жыл қортындысымен 53). (Ауданның құрметті азаматы атағы жөнінде, мүгедектер мәселесі, төс белгісі, забор қоршау мәселесі және т.б) қамтылды.

2017 жылдың II жартыжылдығында қорытындысы бойынша аудан әкімімен қабылданған азаматтардың саны – 17 (жыл қортындысымен 47) адамды құрады, олардың ішінде 3 (жыл қортындысымен 7)   азамат бойынша мәселелер оң шешімін тапты, сонымен бірге 14  (жыл қортындысымен 40)  азаматқа тиісті түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімінің блогына 1(жыл қортындысымен 2)  сұрақ келіп түсті, оның ішінде, оң шешілгені - 0, заң шеңберінде түсінік берілгені - 1(жыл қортындысымен 2)  сұрақ. (жұмыс мәселесі  қамтылды).

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық басқармасына  2017 жылдың 29 желтоқсандағы  №08-01-01/3125    санды хатымен Құрманғазы ауданы әкімі аппараты 2017 жылдың «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»  №1-ОЛ нысанды жиынтық (19 ауылдық округтер, 13 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының) жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

2017 жылдың II жартыжылдық мерзімі ішінде Прокуратура және Сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратында 2017 жылдың   II жартыжылдығында  кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша аудан әкімі аппаратында 22 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 22, бос лауазым жоқ. 2017 жылдың   II жартыжылдығында 3 бос лауазым орнына конкурс өткізілді (жалпы конкурс).  

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 


Мақаланың шыққан күні: 08.01.2018 23:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.01.2018 23:34

Қаралым саны: 1290