Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы

«Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысайық!

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

«Еңбек жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту, үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындайды.

«Еңбек жолы» конкурсын өткізудің мақсаты- ұрпақтар сабақтастығын сақтау, еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау, қазақстандықтарда Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп ең көп санды әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді:

1-кезең өңірлік деңгейде өңірлік комиссия дауыс беру қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған жеңімпаздарды айқындайды.

2-кезең республикалық деңгейде сәйкес облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың жеңімпаздары арасында өткізіледі.

Конкурсты өткізу мерзімдері:

- 2019 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде - қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері үміткерлерден өтінімдерді қабылдау;

- 2019 жылғы 2-31 шілдеге дейінгі мерзімде - облыс әкімдігінің сайтында онлайн дауыс беру, әр номинация бойынша дауыстардың барынша көп санын жинаған көшбасшылардың үштігін анықтау;

- 2019 жылғы 19 тамызға дейін - дауыс беру қорытындысы бойынша өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтап, Республикалық комиссияға облыстық комиссия шешімімен жеңімпаздардың материалдарын жолдау;

- 2019 жылғы қыркүйек-қазан айларында Нұр-Сұлтан қаласында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық форумында марапаттау.

Өңірлік және республикалық конкурсқа ұсынылатын құжаттар

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Барлық ниет білдірген тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Толық мәлімет пен кеңес Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, мекен-жайы:Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А, тел.8(7122)322774, басқарма веб-сайтында atyrau.gov.kz немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдеріне хабарласып алуыңызға болады.


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2018 09:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.11.2019 09:04

Қаралым саны: 2035