Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Некені тіркеу туралы

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жергілікті атқарушы органдармен электронды түрде «Азаматтық хал актілерін тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда, электронды үкімет порталы арқылы АХАТ саласы бойынша бірнеше – өтініштер беруге болады. Соның ішінде көп таралғаны неке қиюды тіркеуге қатысты өтініштер. Электронды түрде «Некені тіркеу туралы» өтініш беру үшін «Электрондық үкімет порталында (www.egov.kz) авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті – жүйеге некеге тұратын адамдар туралы деректер енгізіліп, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қойылады.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 13 бабына сәйкес, Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.

Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.


Мақаланың шыққан күні: 23.05.2018 07:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.05.2018 07:43

Қаралым саны: 1166