Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

2015 жылға Атырау облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» республикалық бюджеттен 1227,8 млн. теңге бөлініп, бағдарламамен 1439 адамды қамту жоспарланды. Күні бүгінге бағдарламамен 2114 адам қамтылып, 1181,9 млн.теңге игерілді (96,3%).
Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 20 әлеуметтік нысандарда күрделі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге 437,9 млн.теңге бөлініп, 197 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды (оның 99-ы - бағдарлама қатысушылары үшін).
Барлық нысандар бойынша күрделі-жөндеу жұмыстары аяқталып, 437,9 млн.теңге игерілді. 200 адам жұмысқа қабылданды (оның 104-і-бағдарлама қатысушылары есебінен).
Бағдарламаның «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағытымен 12,3 млн.теңгеге 328 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, 163 адамға 487,7 млн.теңгеге шағын несие беру жоспарланды.
8,6 млн.теңгеге 328 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Биылғы жылға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 185 адамға 458,9 млн.теңгеге несие берілді.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалы арқылы қайтарылған қаражат есебінен 99 адам 240,9 млн. теңгеге несиені алды. Жалпы барлығы 699,8 млн.теңгеге 284 адамға несие берілді.
Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытына 289,9 млн.теңге (кәсіби оқу, әлеуметтік жұмыс, Жастар практикасына) бөлініп, 914 адамды қамту жоспарланды. Үшінші бағыт бойынша 1132 адам қамтылды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 33 адам оқуларын кәсіптік колледждерде жалғастыруда, 483 адам оқуларын аяқтап, оның ішінен 292-і - жұмысқа орналастырылды, бұл бағытта 218,9 млн.теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 278 адам орналастырылып, 23,5 млн.теңге жұмсалды және Жастар тәжірибесіне 326 жас түлектер жіберіліп, 34,1 млн.теңге игерілді. Мекемелерден түскен бос жұмыс орындарына 2557 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2015 жылға арналған жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарының орындалысы 91 пайызды (13503 адамды) құрайды (жоспар-14903 адам). Оның ішінде 2245-і – Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде, ҮИИДБ – 181, Бизнестің 2020 жол картасы – 52, Бірыңғай өнірлерді дамыту бағдарламасы бойынша – 91, Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 10691 адам қамтылды.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:49