Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Аудандық құрылыс бөліміндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалысы туралы

2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды. Осы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың қатысуымен жүргізілуі қажеттігі айтылған. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз.

ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселесін ашық көрсетіп барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда сыбайластықпен ымырасыз күресу қажеттілігіне баса назар аударып келеді.

Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күрес аудандық құрылыс бөлімінің басты назарында болып келеді.

Аудандық құрылыс бөлімі бойынша мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу процесі ашық әрі әділ өткізіліп келеді. Жасалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтер мен тауарларды сатып алу үшін өнім берушіні таңдауда Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434 заңына сәйкес жүргізіліп келеді.

Бөлімде қызметкерлер саны 6-бірлік. Оның ішінде 1-мемлекеттік қызметші, 5 техникалық қызметші қызмет етеді. Қызметкерлердің қосымша басқа қызметтер атқармайды және жеке кәсіпкерлікпен айналыспайды. Бөлімге мемлекеттік қызметшілер тиісті органнан тестіден өткеннен кейінгі әңгімелесудің оң қорытындысымен жұмысқа қабылданса, азаматтық қызметшілер жұмыспен қамту орталығының жұмысссыздар кезегінде тұрғандардың тізімінен алынған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу үшін жұмыс жоспарына сәйкес отырыс өткізіліп, онда сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және іс-шаралар жоспарын іске асырудың жайы, қызметтік әдепті сақтау жағдайлары қаралып, хаттама жасақталған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сенім телефоны жұмыс жасайды. Сенім телефоны арқылы түскен өтініштер құпиялығы сақталып, бақылауға алынады және арыз-шағым жәшігі орнатылып, журналы ашылған. Күні бүгінге өтініштер түскен жоқ.

Алдағы уақытта бөлімнің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеуге табанды күрес жүргізу болып табылады.

 

Бөлім басшысы Ә.Әбдіғалиев

Орындаған:Н.Қуанышқалиев

Тел:8 (71238) 21342


Мақаланың шыққан күні: 16.05.2018 08:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.05.2018 08:06

Қаралым саны: 934