Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.08.2020

Қызметтер

2019 жыл бойынша «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Атырау қаласы бойынша 86 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

53 - «Электрондық үкімет» веб-порталы (11 қызмет) және www.elicense.kz ақпараттық жүйесі (12 қызмет) арқылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, әкімдіктің ақпараттық жүйелері арқылы электронды форматта 30 мемлекеттік қызмет көрсетіледі;

33 - мемлекеттік қызмет- Мемлекеттік корпорация және ақпараттық жүйелері арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетіліп отыр.

2019 жылдың қортындысы бойынша 137528 (5782 заңды тұлғаға) мемлекеттік қызмет көрсетілді:

38461 - мемлекеттік орган арқылы;

42135 - мемлекеттік корпорация арқылы;

56932 -«Электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік органдырдың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы – 4079.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қала тұрғындарына арналған мемлекеттік қызметті электронды түрде алу, «Ашық үкімет», «электронды сауда» және т.б. бағыттар туралы базалық цифрлық дағдыларды тегін оқыту курстарында Атырау қаласы бойынша 2019 жылғы маусым - тамыз аралығында 2500 адам оқытылды.


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2020 15:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2020 15:44

Қаралым саны: 146