Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.09.2017

Қызметтер

2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аудан әкімдігі ұсынған 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын қарап, аудандық мәслихат кезектен тыс VІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер –4 016 639 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 738 136 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2 622 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 500 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 3 274 381 мың теңге;

2) шығындар – 4 016 639 мың теңге;

2. Аудан бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2017 жылға келесі мөлшерде бекітілсін:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 %;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 %;

әлеуметтік салық – 100 пайыз;

3. Тиісті бюджеттің кірісіне:

бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар жөніндегі берешек, сондай-ақ

VІ ШАҚЫРЫЛҒАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИНДЕР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ Ш Е Ш І М VІ СОЗЫВ ИНДЕРСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ РЕШЕНИЕ

автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсіп келген аударымдары;

«Өндірушілер көтерме саудада өткізетін, өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

«Өндірушілер көтерме саудада өткізетін, өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек есептелетін болып белгіленсін.

4. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының көрсетілген қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

5. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшері 2017 жылға – 3 274 381 мың теңге сомасында белгіленсін.

6. Осы шешімнің атқарылуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (С.Құлғалиев).

7. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ сессиясының төрағасы А.Доспаева
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет (DOCX 89 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 29.11.2016 15:43
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.11.2016 15:43