Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №327-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат кезектен тыс VІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы №327-V «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3440 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда «Дендер» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1) тармақшасындағы:

«4 563 378» саны «4 743 504» сандарымен ауыстырылсын;

«3 781 725» сандары «3 961 851» сандарымен ауыстырылсын;

1-тармақтың 2) тармақшасындағы:

«4 584 586 » сандары «4 764 712» сандарымен ауыстырылсын;

8-тармақ:

келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«бюджеттік мекемелерді ағымдағы ұстауға – 180 126 мың теңге.

2. Көрсетілген шешімнің №1, №5, №6 қосымшалары осы шешімнің №1, №2, №3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.Құлғалиев) жүктелсін.

4. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс VІІІ сессиясының төрағасы А.Доспаева
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Сапаров

2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет (DOCX 59 Kb)


Мақаланың шыққан күні:: 29.11.2016 15:45
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.11.2016 15:48