Array Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру барысында көптеген іс-шаралар бекітіліп, іске асырылып келеді. Заңды ілгерлету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыруға бағытталған бірқатар маңызды актілер қабылданды. Мемлекет басшысы осы тұрғыда ең бірінші шара ретінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруді» атады.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №258 «Атырау облысында 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Атырау облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын орындау мақсатында бағытталған жұмыстар атқарылуда.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері жұмысқа қабылданғанда және қызмет атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес жыл сайын Салық комитетіне жеке табыстары мен мүлік бойынша салық есептілігіне декларация тапсыруы қадағаланады.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін жақсарту, жалпы құқықтық түсіндіру мақсатында жылдық оқыту-тақырыптық жоспары бойынша әр құқық қорғау органдарынан қызметкерлер шақырылып, құқықтық білім беру мектебінің сабақтары ай сайын өткізіліп тұрады.

Халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына сенімін бекіту мақсатында басқарманың мамандары тұрғындар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы, еңбек, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша үнемі халықпен кездесулер өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысып отырады.

Ағымдағы жылдың облыстық газет беттеріндегі «Сұраңыз-жауап береміз» деген айдармен оқырмандар сұрақтарына жауап түрінде кең көлемді түсінік мақалалар жарияланады, облыстық теледидардың «Арна», «Рахат ТВ», «31 канал» бағдарламаларына атаулы әлеуметтік көмектің төленуі мен тағайындалуы жөнінде, 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы, мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қорғау мәселелерді түсіндіру мақсатында эфирге қатысты. Басқарманың қызметкерлері «Көкейтесті», «Заң қуаты», «Зер салыңыз», «Мәселенің мәнісі» және тағы басқа да тікелей эфирден берілетін бағдарламаларға қатысып, көрермендердің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

Басқармадан жергілікті тұрғындарға әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты кеңес-түсінік қызметін көрсететін әдейі қызметкер бөлініп, жыл басынан бері заң кеңесі беріліп келеді.

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы №168 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Атырау облысының іс-шаралар жоспары бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында басқарма бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары жасақталып, орындалуы бақылауда ұсталып отыр.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың ұйымдастыруымен осы жылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және кіші кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинарға облыс әкімінің, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің меңгерушілері, облыс департаменттерінің өкілдері және үкіметтік емес мекемелер мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітіліп, Атырау облысының Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №3328 болып енгізілді. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітіліп, басқарма жұмыс жасауда. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазанындағы №310 «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекіту туралы қаулысы бекітіліп, Атырау облысының Әділет департаментіне нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіліді. Қазіргі уақытта басқарма Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алып, осы бағытта бекітілген регламенттер бойынша жұмыстар жүргізіліп келді.

Қорыта айтқанда, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жоспарланған шаралардың жүзеге асуын үнемі бақылауды ұстап, қадағалап отырады.


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 11:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2016 11:35