Array Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар туралы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2017

Қызметтер

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар туралы

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы

Бүгінгі күні білім беру саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны -32, оның 13-і электронды түрінде мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы, 19-ы қағаз түрінде, білім беру ұйымдары арқылы көрсетіледі.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс

Атырау облысының әкімі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысымен бекітілген 2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған бірлескен шаралар жоспарының 5, 6-тармақтары бойынша білім беру ұйымдарында әр түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы №24 «Жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, облыстық білім беру басқармасының 2016 жылғы 20 қаңтардағы «Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, барлық білім беру ұйымдарына жолданды.

Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың І-тоқсанында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен оқушылар арасында - 132, студенттер арасында - 24, педагогикалық ұжымдарда 201 педагогтермен кездесулер өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2016 жылғы 17 ақпан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық стендтер орналастыруын қарау мақсатында оқу орындары араланды.

Барлық білім беру ұйымдарында жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру тақырыптарында сынып сағаттары, тәрбиелік шаралар, кездесу кештері, әділдік пен адалдыққа бағытталған өлеңдер сайысы, суреттер конкурсы өткізіледі.

Білім беру басқармасының жылдық жоспарына сәйкес білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық мәдениет, рухани-адамгершілік қасиеттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру мақсатында дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат базасында «Жастар - жемқорлыққа қарсы» атты театрландырылған көріністер байқауы өтті.

Байқаудың қорытындылары бойынша үшінші орын иегерлері - Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық лицейдің командасы, Мақат ауданы Л.Шахатов атындағы орта мектептің командасы, Қызылқоға ауданы Миялы орта мектебінің командасы.

Құрманғазы ауданы Б.Бегалиев атындағы орта мектептің және Исатай ауданы Аққыстау орта мектебінің командалары екінші орынды бөлісті.

Атырау қаласының №31 мектеп-гимназияның командасы осы байқаудың жеңімпазы атанды.

Қатысушылар сахналық әдеп ережелерін ерекше сақтап, бірнеше номинацияларға ие болды.

Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Атырау облыстық білім беру басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 35-43-27 сенім телефоны орнатылған. Телефон нөмірі басқарманың www.atyrau.gov.kz веб-сайтында, «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері беттерінде жарияланып тұрады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 12:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 12:10