Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі жасалған жұмыстары туралы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек қана Қазақстанның ғана емес, күллі әлемнің бүгінгі күнінің күрделі мәселесінің бірі болып отыр.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш – жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс – әрекет жасалған жағдайда қандай іс – қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресуді барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы деп білу керек.

Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2019 жылға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс – шаралар жоспары жасақталды.

Жұмыс жоспары бойынша жыл ішінде сыбайластық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу жөнінде дөңгелек үстел, жиналыстар өткізілді.

Бөлімде арыз – шағым жәшігі орнатылған. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздардың уақытылы орындалуы қадағаланып отырады.

«Нұр Отан» партиясы Жылыой ауданы бойынша филиалының кестесіне сәйкес қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жадынамаларды тарату жұмыстары жүргізілді және жадынамалар, ауыл шаруашылығы бөлімінің регламенттері мен стандарттары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі бөлімнің көрнекті жеріне ілінді.

«Өзіңнен баста» акциясына байланысты бөлім қызметкерлері жылдық табыстарын, дүние мүліктері жөнінде Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жылына бір рет декларация тапсырып, аудандық «Кең Жылыой» газетіне жыл сайын жариялап отырады.

Ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтамау фактілерін хабарлау үшін сенім телефоны орнатылып, аудандық «Кең Жылыой» газетіне берілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарландырулар және 2019 жылға мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлерді қолдау мен несиелендіруді түсіндіру мақсатында өткен жиналыс облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жарияланды.

Бөлім бойынша бюджеттік қаржының заң талаптарына сай мақсатты жұмсалуы үнемі бақыланып отырады.

Сондай – ақ ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері арасында жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері болған емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ақпараттық жұмыс жүргізілуде, мәселе үнемі бақылауда.

 

Ауыл шаруашылығы бөлімі


Мақаланың шыққан күні: 24.09.2019 17:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.09.2019 17:33

Қаралым саны: 332