Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес Департамент өкілдерінің қатысуымен Атырау қаласының мектебі мен балабақшалары және аудан орталықтарында ата-аналармен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес барлық білім беру ұйымдарында ата-анадан ақша жинауға тыйым салу, білім саласына бюджеттен қаралатын қаражаттың бөлінісі туралы білім беру ұйымдарындағы ата-аналарға арналған бұрыштарға және көрнекі жерлерге жадынамалар ілінді.

Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысында «Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы» басшылыққа алынған.

Бағдарламадағы «Адал ұрпақ» клубын құру, «Парасатты азамат» бұрыштарын жасақтау сияқты жаңа бастамалар мектеп қызметіне енгізіліп, бұл жұмыс жақсы ұйымдастырылып кетті.

192 мектепте «Парасатты азамат» бұрышы жасақталған.

Тоқсан сайын өткізілген шаралардың есебі алынады.

2018-2019 оқу жылында 179 негізгі және орта мектептердегі «Адал ұрпақ» еріктілер клубына 30297 оқушы қамтылған.

Қыркүйек айында 59 мектепте «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумі, 59 мектепте «Қазақстан құқықтық мемлекеттік» айлығы, 49 мектепте «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі оқушылар арасындағы сурет байқауы, 14 мектепте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» іскерлік ойыны, 8 мектепте «Жемқорлық құқық бұзушылық тардың картасы» жобалар байқауы, 12 мектепте театрлық қойылымдар, 17 мектепте «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек шығармалар байқауы, 25 мектепте бейнероликтер байқауы өткізілді.

Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес өткізілетін шараларға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес Департамент өкілдері қатысады.

2018 жылғы наурызда өткен «Жастар-жемқорлыққа қарсы» облыстық театрландырылған көріністер байқауы өткізіліп, Құрманғазы ауданы, Н.Манаев атындағы орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Наурызда И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің 9 сынып оқушыларының арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас практикумы өтті. Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас

жемқорлықтың алдын-алу, оған қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру. Саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасау.

Қыркүйек айында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауы өткізіліп, жүлделі І-орынды Исатай ауданы, Нәубетов орта мектебінің оқушылар тобы иеленді.

Қыркүйекте Атырау қаласы, №13 ұлттық гимназия базасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Жүлделі І-орынды «Жас патриот» командасы – Құрманғазы ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектеп иеленді.

Қарашада сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаз болып Исатай ауданы, Мәсәлімов орта мектебінің оқушысы Нұрболатқызы Жаннұр.

Мамырда «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» жобалардың облыстық байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың қоғам жаңалықтарымен танысу, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға, материалды зерделеуге, әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыруға бағытталған. Байқауда оқушылар жақсы пікір, өзіндік көзқарастарын ортаға салды. Жүлделі І-орынды Құрманғазы ауданы, Ақкөл орта мектебінің оқушылары Шамшиденова Жанаргүл иеленді.


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2019 14:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2019 14:05

Қаралым саны: 816